ҚАНДЕНДЕРГЕ ТІЛ ЕМЕС, СҮЙЕК ҒАНА КЕРЕК - Азамат Тасқараұлы
2021 ж. 30 желтоқсан
4051
17
Жасарал Куанышалин, Жарылқап Қалыбайдың портреттері және Жанболат Мамай, Серікжан Біләш, БерКин СадыКов, Тоқтар Жақаштар туралы эскиздер
Әрқайсыларыңыз ауылда өскен қазақсыздар ғой. Ауылдың тіршілік-тынысын білесіздер. Бәлкім, сіздердің де ауылда осындай жағдай болған шығар. Кейбір үйдің ауласында шәу-шәу ететін кіп-кішкентай қандендер жүруші еді ғой. Ауылға қасқыр кіргенде, үйшіктеріне зу етіп кіріп кетіп, басын ғана шығарып, жіңішке дауысымен шәңкілдеп үріп, қайта кіріп, құйрығын қысып тығылып қалатын. Әлгі қанденді талап өлтірген қасқырды көрмедім. Үйшіктен шықпайтын қанденді қаперіне де алмайды ғой. Қасқыр өзі тетелес бөрібасар итті ғана талап, құйрығын қарға шаншып кетеді. Ал, қыңсылаған қанден шәу-шәу еткені үшін иесінің тастаған сүйегін кемірсе, оған одан асқан бақыт жоқ. Оның бойына біткен қасиет тек аярлық, иесінің аяғына жабысып, аянышты түрімен сүйек сұрау.
Қазір біздің қоғамда жалған оппозиционер, ұлтына, тіліне қарсы шолақ белсенділерді көргенде осындай қандендер ойға оралады. Әу баста осындай ойы да, бойы да шолақ немелерге «ҚАНДЕН» деген диагноз ойлап тапқан едім.
Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болса да ел үшін кепкен қурайдың сабын да сындырмаған, тек әлеуметтік желіде шәуілдеп, азуыңды көрсетсең, құйрығын бұтына қысып үйшіктеріне қамалып алатындар жетіп артылады. «Ел үшін мен не істедім?» деген сауал бұларда бар ма, жоқ па, білмеймін. Жалпы, «не істесем екен?» деп диванда жатқандарына қанша жыл болғаны да белгісіз.
Жақында әлеуметтік желіде Жасарал Куанышалин деген жалған оппозиционердің жазбасын оқып, жағамды ұстадым. Жасы жетпістен асқан қаусаған шалдың аузынан базардағы көкдолы әйелден бетер боқтық төгіліп, ел алдында сонысына мәз боп, соны деңгей санап отыр.
1). 2011 жылы Мұхтар Шаханов бастап, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды Президенттен талап еткен әйгілі 138-дің Ашық хатына қол қоймай, қазақ тіліне қарсы болып, қолдаудан қашқан Жасарал;
2). Козлов айтқан "Менің ұлтшылдарға қарсы торпедом бар, ол Жасарал Куанышалин" деген Жасарал;
3). Арты мен аузын тазалап алмай, ақиық ақын, қазақтың қаһарман қайраткері Мұқтар Шаханов туралы «Шакалов» деген кітапша шығарып, әр үйдің кіребестеріне кіріп, таратып кеткен Куанышалин;
4). Мұзбалақ Мұқтар Шахановтың өзі “саяси бомж” деп ат қойып, айдар тағып, масқара қылған Жасарал;
5). “Жас қазақ” газеті ұйымдастырған жекпе-жек айтыста қоғам қайраткері Серік Сапарғалидың: "Ұлттық мүддені сатып жібердің, Жасарал!" дегенінде үні шықпай қалып, амалсыз мойындап, жер болып жеңіліп, аузынан ақ көбігі ағып құлап, редакция журналистері «жедел жәрдем» шақырған Жасарал;
6). Әкім Аслан Мусиннің қолына су құйып жүріп, Ақтөбе облыстық әкімдігінде ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының 7 жыл басшысы болып, тәуелсіз БАҚ-тарды жапқан Жасарал;
7).Кезінде Арон Атабек «Тәуелсіздік керек»-деп, аштық жариялағанда, құйысқанына қыстырылып, «Тәуелсіздік керек емес - КОНФЕДЕРАЦИЯ керек» деп, Қазақ тәуелсіздігіне қарсы аштық жариялаған Жасарал;
8). Арон Атабекті діннен безген «имансыз», «жалған ұлтшыл» деп жазғырып, «ұлтқа өлшеусіз зиян тигізгеннен басқа түк те бітірген жоқ! Олар әрі сауатсыз, әрі дөрекі әрі арандатушы, ұлт ішіне іріткі салумен айналысуда. Лас саясатты жүргізуші жалған "алаштықтар", өздері де лас адамдар» деп ауыр айыптаған Жасарал;
9). Ася Асеткина Куанышалиннің ешқандай да оппозиция емес, ешуақытта түрменің түрін көрмеген үшәріптің штаттағы жасырын агенті, ұлт сатқыны екенін, “Аңқау елге Арамза молда” болып жүрген екіжүзді, өтірікші, базардағы және көшедегі көкдолы қатындардан бетер боқауыз екенін тура тауып, нақты фактылармен дәлелдеп берген, “Жасарал апай” атандырып, шақша басына жаулық жапқан суретін жариялап, масқарасы шыққан Жасарал!
Ол енді Қазыбек Исаның келесі 2022 жылды Мемлекеттік тіл жылы деп жариялау және Алаш көсемі, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлын ұлықтау туралы депутаттық сауалына ойбайлап қарсы шығып, шіріген аузынан іріген сөз шығып, жала жауып, қара күйе жағып жатыр екен.
«...Бұттарына тышып, бұғып қалатын, не оның к...тін жалайтын Мұхтар Шаханов, Мырзан Кенжебай және басқалар сияқты сасық «батырлардың» бірі» деп ұлтшылдар туралы аузына келгенін жазыпты. Екі сөзінің бірі «көт», «жәләп» боп келетін осы кәрі құртаңды да біреу оппозиционер, зиялы, ұлт мүддесін ойлаушы деп санай ма екен?
Аузын ашса, ауа сасып кететін Жасаралдың мынау қаптаған боқтық сөздері – өзінің нағыз автопортреті! Өзінің табан астына түскен деңгейін осылай «тамаша» көрсетіп отыр.
Бұл Жасарал Қуанышәлин туралы аз жазылған жоқ. Интернетті ақтарып қалсаңыз, ит терісін басына қаптаған мақалалардан көз сүрінеді. «Қазақ тіліне қарсы сатқын» немесе, «Ұлтшылдарға қарсы Козловтың торпедосы, айтақтайтын кәндені» деп жазсаңыз, – Жасарал Куанышалинның аты мен ұсқынсыз түрі сүмірейіп шыға келеді...
Мысалы, «Қазақ үні» сайтында жарияланған «ЖАПҚАН ЖАЛАЛАРЫҢНЫҢ ЖАНАЗАСЫ ШЫҚТЫ, ЖАСАРАЛ-ЖАНБОЛАТ!» атты мақалада бұның Мемлекеттік тілге қалай қарсы шыққаны егжей-тегжейлі баяндалады.
- Атын "Ашық алаң" дегенмен, қазақ тілін түгел алып тастап, тек "Трибуна" болып қалған газетінде Жанболат Мамай мен Сәкен Жүнісов дегендер "демократия" дегенді сылтауратып," орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беру керек" деген дұшпан пиғылдарын жариялап, қоғам алдында, ұлтшылдар алдында қарабет болған соң, өздерімен беттес, ниеттестерді іздей бастапты... Ондай жан да алыстан емес... айналасынан табыла кетіпті... Иә, ол да Мамай сияқты кезінде Конституциядан орыс тілі туралы 7-ші баптың 2-ші тармағын алып тастау арқылы қазақ тіліне тыныс беріп, өріс ашу туралы 138-дің хатына қол қоюдан үзілді-кесілді бас тартқан Жасарал Қуанышәлин деген "арбитр", - деп басталатын мақаланы оқып отырып, не бір дәлелді сұмдықтарға көз жеткізесің.
Орыс тіліне мемлекеттік статус сұраған адамдарды ұлт мүддесін ойлаушы оппозиционер деп қалай санауға болады? Бұл нағыз ұлтты сату ғой!
Сөйтсек, Алаш арыстарына қарсы астыртын қызмет еткен, бүгінде тарихшылар тарапынан ұлты мен дінін өзгертіп Николай Степнов боп алғаны әбден дәлелденген Әліби Жангелдин атындағы ауданды ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атында атап, 2022 жылды Мемлекеттік тіл жылы деп жариялау керек деп депутаттық сауал жасаған Мәжіліс депутаты, ұлтшыл ағамыз Қазыбек Исаға қарсы шыққан Жасарал, басқа емес, дәл осы Жангелдин туралы айтқанына күйіп-пісіп отыр екен. Жанына жақын ғой ұлтқа қарсы сатқындығы жағынан, қайтсін енді байғұс...
«Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының туған ауданының аты әлі күнге дейін қызыл большевик, кезінде ұлты мен дінін ауыстырып, Николай Степнов болған Әліби Жангелдин атында болуы елге де, ерге де және ең алдымен әруаққа қиянат!» деген депутаттық сауалды өзінің боқауыз постына эпиграф қып алғанын қайтерсіз...
Сатқындықты өліп-өшіп ақтауын түсінуге болады. Себебі, біраз жыл бұрын қазақтың ұлтшыл азаматы Серік Сапарғали Жасаралдың көзіне тік қарап «Сатқын!» деп атаған. Оған Жасекең талай жылдан бері жауап қайтара алмай, үнсіз мойындап, келісіп те келеді.
Серік Сапарғали Жасаралдың бетін тіліп тұрып, әшкерелеп айтқан бір-екі сөзін ғана айта кетейін: "ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ӘБІЛӘЗОВТЫҢ МАЙШЕЛПЕГІНЕ АЙЫРБАСТАП ЖІБЕРДІҢ, ЖАСАРАЛ! ҚАЗАҚТАР ҚИНАЛЫП ЖАТҚАНДА АЯҚ БАСҚАН ЖОҚСЫҢ! КОЗЛОВТЫ ҰСТАҒАНДА ШАҢДАРЫҢ ШЫҒЫП КЕТТІ! СЕНДЕР МҰНАЙШЫЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН ТҮСІНБЕЙ ЖҮРСІҢДЕР! ЕГЕР МАҒАН ШАБУЫЛДАЙТЫН БОЛСАҢДАР, 61 ТОМНЫҢ БӘРІН ИНТЕРНЕТКЕ ШЫҒАРАМЫН. ҚАЗІР ӘБІЛӘЗОВТЫҢ АҚШАСЫ БОЛҒАН СОҢ, ШАШБАУЫН КӨТЕРІП ЖҮР. АҚШАСЫ БІТКЕН КҮНІ ОЛИГАРХ БҰЛАРДЫҢ БІРЕУІН ДЕ ТАБА АЛМАЙ ҚАЛАДЫ. КОНСТИТУЦИЯДАН ОРЫС ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІН АЛЫП ТАСТАУ ТУРАЛЫ 138-дің ХАТЫНА ҚОЛ ҚОЙҒАН АДАМНЫҢ БІРІ - МЕНМІН. ҚОЛ ҚОЙҒАНДАРДЫҢ КӨБІ БАС ТАРТҚАН КЕЗДЕ ӨЗ ПІКІРІМДЕ ҚАЛДЫМ. СОНДЫҚТАН БҰЛАР ("алғалықтар"-ред.) МЕНІ ЖАҚТЫРМАЙТЫН БОЛАР..."-деп әшкерелеп тастады. Сонда бір ауыз жауап қайтара алмай, мелшиіп отырып қалды ғой Жасарал! Яғни, Серік Сапарғалидың: "Ұлттық мүддені сатып жібердің, Жасарал!" дегенін үнсіз мойындады! Сонда кім болды ұлттың сатқыны?
Белгілі журналист Қажымұқан Ғабдолланың «Жасарал қазақты қалай сатты» атты мақаласында:
«Туған қазағын қайдан келгені беймелім кірме Владимир Козлов дейтін біреуге «жығып беріп», аяусыз күстаналған Жасарал Куанышалин «Фейсбук» әлеуметтік жүйесінің тасасында саясаткер Мұхтар Тайжанға «жан сырын» ашқан кейіппен басына сыйса да, жасына жараспайтын жарапазан айтыпты... «Даудың басы – Дайрабайдың қара сиыры» демекші, әңгіменің өзегі Владимир Козловты қолпаштап: «СІЗ - ЖҮЗ ҚАЗАҚҚА ТҰРАСЫЗ!» немесе «МЕН КОЗЛОВТЫ БҮКІЛ ҚАЗАҚҚА АЙЫРБАСТАМАЙМЫН!» – деген масқарашылық сөзінде болып отыр... Айдың күні аманында айтылған мұндай сұмдыққа кеудесінде жаны, бойында рухы, жүрегінде намысы бар әрбір парасатты қазақ өре түрегелді... Бақыттарына қарай, осы сөз қазақ топырағында айтылды, ал, біздің қазақ ұлты болмысында кешірімшіл ғой, егер осындай надандық сөз, мысалы, Шешенстанда немесе Дағыстанда айтылса, қазір Жасарал Куанышалин жалпақ жердің жүзін аралап-қашып, арып-ашығып, кірерге тесік таппай, тентіреп кеткен болар еді...» деп жазады.
Басқа біреу жазса, сенбеуге болар ма еді, бірақ, Қажымұқан Ғабдолла бір кездері осы Жасаралмен бірге жүрген, бірге қызметте болған адам, оның сырын жақсы біледі және ол өтірік айтпайды Жасарал сияқты.
«Мен, Жасарал ағамыз туралы көп нәрсе айта аламын, өйткені, бір кезде біз бір ұжымда, бір тудың астында ниеттес серік, рухтас ағайын болдық, талай әңгіме-дүкен құрдық, сыр бөлісіп, жүрек ақтарыстық...» деп оны өз мақаласында да айқындап береді.
Ахмет Байтұрсынұлына аудан атын қимай отырған Жасарал туралы ең сұмдық жазбалардың авторы фейсбукте танымал Ася Асеткинаға тиесілі. Біз бұны қаусаған шал деп жүргенде, Ася Жасекеңнің жынысын ауыстырып, әлде айқындап, «апай» қылып жіберіпті.
«Жасарал апай, Жасарал Қуанышалиннің оппозизия ауылының абызы емес, жәй ғана ұрысқақ, шәйпауыз көп қатынның бірі екенін сенімен мен екеуіміз бірігіп алып, қоймай жүріп талдап, тарқатып дәлелдеп тастадық, ия? Бұл бір соңғы күндері бітірген үлкен игі іс болды ше! Жасарал Куанышалин – базардағы аузы бәйедеп баба, бабушкасың!» деп сойып салған жазбасында Ася тағы да Жасаралдың сатқындық жасағанын әшкерелейді.
Бұл жолы халықтың батыры, Алматыдағы «Шаңырақ» оқиғасының басты қаһарманы, ақын Арон Атабекке қалай қарсы шығып, әдеттегідей жала жапқанын жазады.
«1991 жылы АРОН АТАБЕК "Қазаққа керегі тек қана — Тәуелсіздік!" деген талаппен аштық жариялап жүргенде, Жасарал Қуанышалин керісінше "қазаққа керегі Тәуелсіздік емес КОНФЕДЕРАЦИЯ!" – деп аштыққа жатады? Конфедерацияның мағынасы ол қазіргі Ресей құрамындағы Татарстан, Башқұртстан, Дағыстан елдері сияқты автономиялық ел боп қалуды көздеуші» деп, ұлт батыры Аронға қарсы шыққан, шын мәнінде Ресейдің қолтығында өмір сүруді жан-тәнімен қалаған Жасаралдың маскасын сыпырып алады Ася.
Сөйтіп, Жасарал Қуанышалин дегеннің жалған оппозиционер екенін толық дәлелдеп, былай деп масқарасын шығарады:
«Аблязовқа қарсы мынадай сұрақ туады: Ходжаназаров Кулебаевтың адамы болса, Аслан Мусиннің (Мусин кімнің адамы сонда) қол астында 6 жыл Ақтөбе Ішкі Саясатын басқарған менің Жасарал апайым, сіздің елдегі "фасс!" десең "ап-ап" деп оңды-солды, бей-берекетсіз "ұрысұлтан, қараордадан" арыға аса алмай арпылдай беретін овчаркаңыз Жасарал Куанышалин кім болғаны? НЕГЕ супероппозиционер Жасарал апай 72 жыл өмірінде (немесе өзі айтпақшы Ұрысұлтанмен 30-жылдық күресінде) бір күн де түрмеге отырмаған?».
Жасаралдың Арон Атабекке қалай қарсы шыққанын Ася нақты фактімен де шегелеп тұрып дәлелдеп береді. Сөйтсек, Есбол Өміржанов басып шығарған "АЗАТ ҚОЗҒАЛЫСЫ және ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ–ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ТАРИХЫ" атты кітапқа берген сұхбатында Жасарал былай деген екен:
"... Жұрттан бұрын "Алаш" атын иеленіп қалуға жанталасқан жалған ұлтшылдар Рашид Нутушев пен Арон Атабек (Нутушев) деген САЯСИ АЛАЯҚТАР дүйім қазақтың мақтанышы болған осынау партияның атына кір келтіріп, ұлтқа өлшеусіз зиян тигізгеннен басқа түк те бітірген жоқ! Олар өздерінің әрі сауатсыз, әрі дөрекі әрі арандатушы іс-әрекеттерімен халық арасында "Алаш" атына қатысты теріс пікір тудырды. Ұсақ, күйкі тірліктермен ғана айналысты, небір бұзақылықтарға дейін барды. Қазіргі жасап жүрген тірлігі де жүрек айнытады. Имансыз Арон қайдағы бір "тәңіршілдік" идеясын қоздыру арқылы ұлт ішіне іріткі салумен айналысуда. Лас саясатты жүргізуші жалған "алаштықтар" – ағайынды Нутушевтардың өздерінде лас адамдар демеске амалым жоқ. Ал "Азат" қозғалысы – ел өміріндегі ең ірі саяси құбылыс, ірі тарихи құбылыс! ...".
Міне, бұл Жасарал Қуанышәлиннің өз сөзі.
Осы посттың астына белгілі мемлекетшіл тұлға, саясаткер, нағыз оппозиционер Балташ Тұрсымбаев «Ася! Қарындасым, Аллам разы болсын!» деп комментарий қалдырып, ризалығын да білдірген.
Ася демекші, Арон батырдың түрмеден шыққанын пайдаланып, хайп жасап қалғысы келгеннің бірі Жасаралмен жаны туыс, бүгінде мұхит асып кеткесін, бұрын билік туралы бір ауыз қарсы сөз айтпаған, енді елден шығып кеткесін, ауласына жетіп алған кәнденнің арланға шәуілдегеніндей фейсбуктің шолақ белсендісі боп жүрген Серікжан Бияшидің де маскасын жұлып алып, масқарасын шығарады.
Айтпақшы, Ася Арон Атабекке байланысты дау шыққанда Жасаралдың да, Жарылғаптың да, қытай тыңшысы Серікжан Бияшидің де маскаларын жұлып ап, масқараларын шығарып әшкерелеп тастады. Қазір бұл үшеуі Асяның аты естілсе шайларына шашалып, шалқасынан құлап қалады…
Серікжан Біләш Павлодарда Аронмен түрмеде өзі болып келгендей "Аронды улапты", "Аронды басынан ұрыпты" деп бірінің артынан бірін видеоэфир салғанын бәрі біледі.
"Мен 30-ы күні дабыл көтеріп эфир жасап едім, нұржүйе, нұрбилік, тіпті Нашарбайдың өзі менен қатты қорқып кетті де, Аронды босатып қоя берді" деп, өзінен басқа ешкім сенбейтін, балабақшадағылар да күлетін әңгімелер айтып, "Аронға қарап жатқан қарындасы Разия, қызы Алма – КНБ-ның адамы". "Аронды олар өлтіргелі жатыр", "Арон 10 күнде, 20 күнде өледі", "Қазір өлмесе Арон Жаңа жылға жетпей дәл өледі" деген жалған, сайқал дабылдар тастап, елді арандатып жүрген сол Бияши де ұлтшылдарға қарсы адамның бірі екенін атап өту керек.
Серікжан қазір Нью-Иоркте бұрын Қытайдағы тыңшылар дайындайтын орталықта өзімен бірге оқыған Қытай тыңшысы Фу Ши Чу екеуі соның үйінде бірге тұрып жатқаны қанша жасырғысы келсе де, елдің бәріне белгілі болып қалды…
Алманияның азаматы, қандастарымыз үшін қайрат көрсетіп жүрген қайраткер қандасымыз Өмірхан Алтынның Қытайдағы қысымды осыдан 3 жыл бұрын Брюссельде әлемге ең алғаш әшкере еткен “Атажұрттың” негізін қалаған сол кездегі тұңғыш төрағасы Қыдыралы Оразұлы екеуі екенін, ал ол Қытай қылмысын әшкерелейтін сапарға Серікжан Бияшидің түрлі сылтау айтып, бармай қалғанын Фейсбуктегі өз парақшасы мен “Қазақ үні” ұлттық порталына шығаруы Бияшидің де есін шығарып, ақылынан адастырып, аузына келгенін оттатып жатыр.
Сол кезде Бияшидің Брюссельге неге бармағанын оны жақсы білетіндер “Серікжан Қытай тыңшысы болғандықтан, әрі Бейжіңдегі қожайындары рұқсат бермегендіктен Брюссельге бара алмады”-деп жазғанын оқыдық.
Бұлардың барлығының далбаса тірлігі Парламентте ұлттық өткір мәселелерді батыл көтеріп, орысша сөйлеген министрлер мен басшыларды тықсырып келе жатқан, көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде жазылуын міндеттейтін заң қабылдануында белсенділік танытқан Қазыбек Исаға қарсы орысқұлдардың ұйымдасқан шабуылына қосамжарлана қосыла шапсақ, қолымызға бірнәрсе тиіп қала ма деген есекдәме екені анық.
Бұлардың қатарындағы тағы екі байбақ бар. Бірі аты-жөнін қазақша жазуға сауаты жетпеген Беркин Садыков, екіншісі Гитлерді дәріптеймін деп елді шулатқан Жарылқап Қалыбай.
Қолынан түк келмейтін Беркин Садыков деген фейсбук парақшасында осыдан бес жыл бұрын блогер Бекболат Қаржанның ақын Қазыбек Исамен түскен суретін жариялап, "Мәжіліс депутаты және оның пікірлестері қазақтың қамын ойлайды" дейтіндер сапқа тұрыңдар))”-деп тақырып қойыпты. Сол постқа Жарылқап Қалыбай Қазыбек Иса туралы Жасарал ағасы сияқты көшедегі қатындар да айта қоймайтын оттаубай жазыпты!
Беркин Садиковқа Бекболат бауырымыз «Кәрі теке» деп лайықты ат қойып, фейсбукте масқарасын шығарып жазды.
Сендер, екіжүзді Жарылқап Қалыбайың, Жасарал Куанышалинің бар, Қытайдың алаяқ тыңшысы Серікжан Бияшиің, әкімдіктің штаттағы митингішісі, сценарий бойынша көшеге шығатын Жанболат Мамайың, мынау «кәрі теке» БеркИн СадыКОВ деген өз аты мен атасының атын да қазақша жаза алмайтын сауатсызың бар, қазақ ұлтшылдарына қара күйе жағып, жала жауып, іріткі салудан басқа не істедіңдер ел үшін?!.
Сендер Халық сенетін Мұқтар Шаханов, Қазыбек Исалардың тырнағына да татымайсыңдар ғой, сондықтан күндес қатын сияқты көре алмай, күнде бір өтірік өсек жазасыңдар бейшаралар.
Жарылқап деген жанкешті бейшара, анау жылы аспанда аяғыңнан тұра алмай, ұшақтағы стюардессаға аузыңа келгенін айтып тиіскеніңде, сауатсыз стюардессаның қазақ тілінде сөйлемегенін негіз қылып, сені қорғаған ұлтшылдар еді ғой!?. Мұхтар Шаханов, Қазыбек Исалар бастап, “Қазақ үні” газеті-сайтында қолдап, қорғап еді ғой?!. Сондықтан үш күн ғана жатып, жазаңды жеңіл өтеп құтылдың.
2011 жылы Қазақ тілін қолдап жазылған Шаханов бастаған әйгілі 138-дің Ашық хатына қарсы шығып, қол қоймаған Жанболат Мамай тіпті, кейін өзінің газетінде орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беру туралы мақала жариялаған. 2014 жылы Жанболат Мамайдың "Ашық алаң -Трибуна" газетіне Тәуелсіздікке, қазаққа қарсы Сакен Жунисов деген орысқұлдың "Орыс тіліне де мемлекеттік статус беру керек. 131 ұлттың да тілдерінің өз статустары болуы керек" деген оттаубайын жариялаған.
Бұған ұлт зиялылары түгел қарсы шыққан. Қазақтың көрнекті ақыны, шындық жыршысы Темірхан Медетбек: "АШЫҚ АЛАҢ" – ӘРКІМ САРЫП КЕТЕТІН САСЫҚ АЛАҢҒА АЙНАЛДЫ!" - деп сойып салған!
Сонда осы Жарылқап деген аспандағы “тіл жанашырының” жерде маскасы шешіліп қалды. Бұл сатқын да “орыс тіліне мемлекетттік мәртебе берейік” деген сөзді газетіне жариялаған Жанболат Мамайды жақтап шықты!?.
Бұл Жарылқабың да, Жасаралың да, Жанболатың да, Бияшиіңде арттарын тазалап алмай, ауаны сасытып жүріп, ақиық ақын, халық батыры Мұқтар Шахановқа тиісетіндерін қайтерсің, пілге үрген кәндендей аттарын шығару үшін?!.
Басқаларының сыбағасын беруді кейінге қалдырып, енді Жарылқапқа жеке тоқталайық.
Ол 2015 жылы президенттікке түсемін деп, арамтер болғанда Мұқтар Шахановқа барған ғой ентігіп. Мұқаңның “шамаңа қарасайшы” деп, шындықты айтқанына шамданып шыға келеді. Бұл туралы Мұқаңның өз сөзімен баспасөзде жарияланған сұқбатынан үзінді келтірейік:
“Жуырда Жарылқап Қалыбай деген жігіт Президенттік сайлауға түспекші болды.
Оған мен «дауыс ала алмайсың, бос әуре болма, бес мың дауыс жинасаң мұрнымды кесіп берейін» деп әзілдедім. Ол телеарнаға, баспасөзге «мен 120 мың дауыс жинаймын» деп сұхбат беріпті. Содан іске белсене кірісіп, зорға дегенде алты жүздей дауыс қана жинады. Керекті дауыс 93 мың ғой. Ал, енді сол Жарылқап жаңа партия құрмақшы. Оған «Халық рухы» партиясы кедергі болуы мүмкін ғой. Сол үшін ол мені жамандаудың өзгеше тәсіліне көшіпті,”-деп жазды “Абайкз” бастаған біраз сайттарда.
Осы сайттардың астындағы пікірлерді оқысаңыздар, Жарылқаптың жасаған талай иттіктеріне куә боласың. Біраз журналистер “біздің жалақымызды қашан қайтарасың, қазір ораза айы келді, қайтарғын” деп ренжиді. Біразы “осыдан қолымызға түссең оңдырмаймыз” деп ашуға мінеді.
Анау жылдары 31 арнада белгілі журналист Берік Уәли “Дода” хабарын жүргізетін. Сол хабарға қатысқан бір белгілі журналист біраз жыл бұрын бір қызық жәйтті жазыпты.
“Дода” хабарын түсіріп жатқанда қатысып отырған екі-үш журналистика факультетінде оқитын студент қыздар: “Жарылқап Қалыбай, студенттерге сабақ берудің орнына бізді қатесі қаптаған сауатсыз журналыңызға жегіп қоясыз да, тесік тиын да бермей, текке жібересіз, біздің ақшаларымызды қашан қайтарасыз. “Жұлдыздар отбасы” деген журналыңызда одан екі жыл бұрын шыққан “Жұлдыздар құпиясы” басылымының идеясын ұрлап алдыңыз”-деп, масқара қылды. Жарылқап сол жерде жер болып, сөйлей алмай, тұтығып қалды. Хабардан соң сыртқа шығарда Берік Уәлиге: “Жаңа хабарда мені айыптаған ана екі студент қыздың айтқандарын эфирге жіберме! Егер эфирге шығарсаң, мен сені сотқа беремін” деп кәдімгідей дікеңдеді екі елі шекесіне жеті елі әжім жинап тырысып. Берік мырза үндемей, мүсіркеп күлді де қойды. Бірақ, “Дода” хабарына екі қыздың Жарылқапты масқаралаған айыптаулары шығып кетті. Шамасы, Берік Уәлиге Жарылғаптың зіркілдегені ұнамай қалды немесе шындықты жасырғысы келмеген болуы керек.
ҚазҰУ-де студенттерге сабақ беріп жүргенде Жарылғаптың жанама аты “Орбит” екенін ел әлі күлкі қылып айтады. Сессия кезінде емтихан тапсырғанда, ол студенттерге қалтасында толып жүретін сағыздарын ұсынады екен. Оқытушысымағының “Орбитін” сатып алған студент орғып өтіп кетеді сессиядан. Сағыз алмағандардың емтиханын сағызша созып жүре береді екен қанша жақсы жауап берсе де?
“Аңыз Адам” деген журналының қалай шыққанын жақында сол кезде сонда істеген жақын қарындасы Ася Асеткина жақсылап айтып берді фейсбук парақшасында.
Асяның айтуынша, Жарылқапқа кім ақша төлесе болды, сол “Аңыз адам” кейіпкері бола қалады екен?!. Тіпті өзінен басқаның бәрін жамандамаса, ішкен асы бойына сіңбейтін, тіпті оппозиция серкесі Серікболсын Әбділдиннің асында сөз бермей қойғаны үшін Балташ Тұрсынбаевқа “билік адамы, сатқын” деп жала жаба салған, кезінде 2011 жылы Мұқтар Шаханов бастаған ұлт зиялыларының Президентке жазған қазақ тілін қолдау хатына қарсы шығып, қол қоймаған Жасарал Куанышалинді де “Аңыз адам” қыла салды. Өйткені екеуі қосылып алып, Шахановтан бастап халық қолдайтын ұлтшылдарға күйе жағу керек болды! Әйтпесе, Жасарал сияқты өмір бойы әркімге жала жауып, жамандаумен боқ жинаған қоңыз адам қалай “Аңыз адам” болады?!. Күлесің бе, жылайсың ба?
Айтпақшы, Балташ Тұрсымбаевты “биліктің, үш әріптің адамы, сатқын” деп күйелегенде әлеуметтік желіде Қазыбек Иса: “ Егер оппозицияның нағыз айнымас серкесі Серікболсын Әбділдин қайтыс боп кетпей, Жасаралға жай ғана сын айтқанда оны да “биліктің адамы, сатқын” деп шығар еді бұл қызылкөз жалақор” деп, тура тауып жазып еді…
Журналдағы кілең өтірікке құрылған осы сұқбатында Жасарал мен Жарылқап екеуі жабылып, қазақтың белгілі дарынды ақыны Қазыбек Исаға жала жабады. Есі дұрыс адам ешқашан сенбейтін қисынсыз қып-қызыл өтіріктер қаптап жүр ішінде.
Жасарал Куанышалин деген атасының атын да қазақша жаза алмайтын (фейсбук аккаунтында тегін Куанышалин деп орысша жазады тексіз неме, өз атында қазақтың төл әріптері жоқ, әйтпесе, оларды да ойланбай орысша жазар еді) қазақ тілінің сатқынының сөзіне қараңыздар. Ол сорлы Абай атындағы пединститутта оқытушы боп жүргенде студент Қазыбек Исаға қалай өлең жазуды үйреткен-мыс, поэзиядағы ұстазы болған-мыс екен өзінің оттауынша))). Ал Қазыбек Исаның “Қазақ үні” сайтындағы “Жапқан жалаларыңның жаназасы шықты Жасарал- Жанболат” және “Адамдарды алдағанмен Алланы қалай алдайсың Жасарал” деген бұлардың жалаларының күл талқанын шығарған күшті мақалаларында мамандығы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жасаралдың институтта орыс тілінен сабақ бергенін, “Педагог” газетінде жауапты хатшы болғанда өлең апарып тұратын көркемсурет-графика факультетінің бірінші курс студенті Қазыбек Исадан түсінбей отырған қазақ сөздерін сұрап алатынын, бірде “абат” деген сөздің мағынасын білмей, сұрап алғанын жазады. Сол қазақ сөздерін толық білмейтін Жасарал дарынды ақын Қазыбек Исаға қалай өлең жазуды үйреткен екен-мыс! Қиял-ғажайып шығарма жазып отырған секілді екі ессіз неме! Мұндай өтірікке күлгенде ішегің үзіліп кете жаздайды!? Бұлбұлға ән айтуды үйреткен есек дерсің Жасарал мен Жарылғапты тура Крыловтың мысалындағыдай.
Қазір Жарылқаптың журналдары жабылған. Істейтін іс, түсіп жатқан тиын жоқ. Содан соң тапсырыс алып, жұртты жамандап күн көрмегенде қайтеді бұлар?
Жарылқап “Аңыз адам” журналына Гитлерді шығарып, тұтылғанда да, Қазыбек Иса басқаратын “Қазақ үні” қорғап шығып еді.
Артын тазалап алмай ма алдымен біреуге жала жаппай?!.
“Өзің диуанасың, кімге пір боласың” дегендей бұл бейшаралардың қасқырға сүйкенген кәндендер секілді Мұқтар Шахановта, Қазыбек Исада тб ұлтшылдарда несі бар десейші! Бұларды өлтіріп бара жатқан қызғаныштың қызыл итінің қыңсылап жатқаны - халықтың Мұқаң мен Қазекеңе деген ыстық ықыласы!
Кеше ғана фейсбукте халық дауыс беріп, еліміз бойынша екі-ақ күнде ең көп дауыс (6 мыңдай) жинап, “ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДЕПУТАТЫ” атанып еді, бірден кәндендердің шәуілдеуі қатты күшейіп, хорға айналып кетті.
Айтпақшы, Тоқтар Жақаш деген де нағыз күндес қатынның өзіндей екен ешкімді көре алмайтын. Бұл да “Қазақ үні” ұлттық порталында Президенттен Мемлекеттік тіл туралы заңды талап етіп, бір айда қол қойған 126 мың адамға тиісіп, “өзге ұлттарды да ойлайық” деп, мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауға қарсы шыққан. Тілге қарсы шыққан ешкімді аямайтын Қазыбек Исаның сол кезде жазған “Жақашы бар елге жаудың керегі жоқ” деген мақаласы мақалға айналып кеткенін кешіре алмай жүрген бұл неме тағы да оттапты. Өзі тағы әркімнен қарыз алып, бермей қашып жүрген байғұс деседі!
Қазыбек Иса ұлтшылдығы үшін, мемлекеттік тілді батыл көтеріп, биыл қабылданған көрнекі ақпарат туралы заңда мемлекеттік тілге басымдық беруге бар күшін салғаны үшін, 2019 жылы Павлодар мен Петропавлдың атын ауыстыру бастамасы үшін Ресейдің қара тізіміне кірген. Енді оған қоса Қазақстанның тапсырыс орындағыш “Козловтың ұлтшылдарға қарсы торпедосы” Жасаралы бар, жандайшап Жарылқап, Жанболаттар, жаудан бетер Жақаштар мен тыңшы Бияши, бетсіз Беркиндер Қазыбек Исаға қара күйе жағып, Ресей мен Қытайдың қолшоқпарлары болып, тапсырыс орындап отыр.
Бұларды жақында Ресей шовинистері марапаттап жатса, таңғалмаймыз. Мүмкін жасырын марапаттап та жүрген болар, кім біледі…
Сүйеніштері сүйек лақтырса, сүйкенбейтін адамы жоқ бұлар Қазыбек түгілі Қазағыңа қара күйені аямай жағып береді… Өйткені, кәсіптері солай!
Жасарал бастаған бұлардың фейсбук парақшасына бір сын жазсаң, сені дереу блоктап тастап, пікірлеріңді өшіреді. Яғни, есіктерін тарс жауып алады.
Үйшіктерінен шықпай үріп жатқан кәндендер, қызғаныштан өліп кетсеңдер де, біз, сендерге сенбейміз де, ермейміз де ешқашан! Ел, біз, ұлтшыл жастар, Мұқтар Шаханов, Қазыбек Исалар бастаған ұлтшыл тұлғаларымызды, қолдаймыз!
Азамат Тасқараұлы,
Қазақ үні