Қазыбек Иса “2021 жылдың үздік депутаты” атанды

Қазыбек Иса “2021 жылдың үздік депутаты”   атанды

“2021 жылдың үздік депутаты” болып, еліміз бойынша ең көп дауыс алған Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" фракциясының мүшесі Қазыбек Иса атанды. 

«Адырна» ұлттық порталы 2021 жыл бойынша өз саласының үздіктерін анықтады. 

«Жыл үздіктерін» анықтау әлеуметтік желі парақшаларындағы дауыс беру арқылы іске асты. Бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылған сауалнама бір апта бойы жүргізілді.

«2021 жылдың үздік депутаты» болып Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" фракциясының  мүшесі Қазыбек Иса атанды. 

Қазыбек Иса Парламент мінберінен мемлекеттік тілді дамыту, жер-су атауларына тарихи атауларын қайтару, Алаш арыстарын ұлықтауға қатысты өткір ұсыныстар жасап жүр,  - деп жазды «Адырна» порталы.