Қазыбек Иса: Өзге тілде сөйлеген Хазариядай түркі мемлекеті қазір қайда?

Қазыбек Иса: Өзге тілде сөйлеген Хазариядай түркі мемлекеті қазір қайда?

Мемлекетінен айырылған Хазария қасіретін ұмытпайық! Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайылов мен Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасы Е.Сағынбековке “Ақ жол” демпартиясы атынан жолдаған депутаттық сауалында айтты. 

- Кезінде академик Рахманқұл Бердібай “Қазақ үні” газетінде жазғандай, “Хазария қасіретін” ұмытпайық! 7-10 ғасырларда өмір сүрген, 

1) еліне барлық діни ағымдарды кіргізген, 2) көп дінді, көп тілді ел, 

3) билігінен бастап, саудагерлеріне дейін өзге тілде сөйлеген Хазариядай түркі мемлекеті қазір қайда? Жоқ! Картада жоқ! Жойылып кетті!

Біздің ел бұдан сабақ ала ма, жоқ па?

Тағы кімнің көңіліне қарап, кімнің батасын күтіп отырмыз?!. - деді депутат. 

Атап өту керек, депутаттың сауалын елдің зиялы қауым өкілдері де қолдады. Мәселен, белгілі режиссер Талғат Теменов «Қазыбек соққан дабыл - кеменің соңғы SOSы» десе, академик Кәрімбек Құрманәлиев «Діни теріс ағымдар туралы депутаттың жанайқайын ел болып қолдауымыз керек» деп мәлімдеді. 

Қазақ үні