Қазыбек соққан дабыл - кеменің соңғы SOSы - Теменов

Қазыбек соққан дабыл -  кеменің соңғы SOSы - Теменов

«Қазақ үні» ақпарат агенттігінде жарияланған Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның «Діни теріс ағымдарға заңмен қатаң тыйым салатын кез жетті» атты депутаттық сауалы қоғамда үлкен резонанс тудырды.    

Дерутаттың өткір сауалына еліміздің зиялы қауым өкілдері де үн қосып, қолдау көрсетуде.

Осыған орай, ҚР Халық артисі, белгілі режиссер Талғат Теменов осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді. 

***

Қадірлі Қазыбек бауырым! Сенің мына көтеріп отырған мәселең бүгінде әбден пісіп жарылуға аз калған жарадай үлкен проблема. Дін, әсіресе, өзіміздің мұсылмандық ағым емес, радикалды діни өкілдері Қазақстанда баршылық... Хиджаб кию, шолақ шалбар, қауға сақалдыларға көзіміз үйреніп барады. Біздің Конституциямызда "Қазақстан зайырлы мемелекет" деген жолдар мәңгіге жазылған.. Алайда осы заңды бұзғандар да, оны сызғандар да осы Қазақстанның азаматтары. Егер ертеңгі күнімізді ойласақ, біздің елдің де заманауи көштен калмау үшін Сен секілді азаматтардың айтқанына құлақ асатын уақыты келді. Бұл біздің соңғы "шансымыз", яғни, мүмкіндігіміз... әйтпесе, кеш болады. Осы тұрғыда өнердегі, спорттағы, шоу-бизнестегі тұлғалар осы сенің айтқан сөзіңе құлақ аскюқаны жөн деймін. Қазақстан кім көрінгеннің қолында кете беретін болса, ертеңгі күніміз бұлыңғыр да қауіпті болары хақ... Сенің айтып отырғаның мұхиттағы кеменің соңғы берген берген SOSы іспетті... Рахмет! "Қараңғы қазақ көгіне өрмелеген ұрпақ" дінді емес, білім мен ғылымға, адебиет пен өнерге ұмтылуы тиіс...

Талғат Теменов, 

Қазақ үні