Түркі әлемінің тұлғалары Түркістанда
2017 ж. 02 мамыр
1996
0
Түркістан қаласы, Ахмет Ясауи университетінде «Жаһандану үдерісінде Түркі әлемінің келешегі, мүмкіндіктер мен қауіптер» атты халықаралық әлеуметтік ғылымдар конгресі өз жұмысын бастады.
Түркістан қаласының Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жариялануына орай өтіп жатқан ІІІ Түркістан форумын ұйымдастырушы – ХҚТУ Әлеуметтік ғылымдар факультеті. Конгресте жаһандану үдерісіндегі түркі әлемінің келешегі, мүмкіндіктері мен қауіптері және түркі әлемінің назарындағы басты мәселелер талқыланады. Сондай-ақ, түркі әлемінің әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және т.б. алаңдардағы тұрмыс-тіршілігі, өзгерістері мен даму сатылары ғылыми тұрғыдан талқыланып, сараланды.
Конгресс жұмысының бағыттары: 1.Түркі әлемі елдерінің мәдени, әлеуметтік және экономикалық құрылымдарындағы соңғы жағдайлар; 2.Түркі әлемі елдерінің саяси және құқықтық құрылымындағы өзгерістер және демократиялану әрекеттері; 3.Халықаралық капиталға сүйенген Әлемдік трансұлттық компаниялардың Кавказия және Орта Азияның табиғи энергетикалық ресурстарына қатысты саясаты; 4.Жаңа әлемдік жүйедегі Түркі әлемінің рөлі: мүмкіндіктер мен қауіптер және әлемдік жүйемен интеграциялануы; 5.Жаһандану және тараптану үдерісінде Түркі әлемі елдерінің арасындағы байланыстар: жетістіктер, мәселелер және шешу жолдары.
Ғылыми басқосудың ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Рысбек қатысушыларға сәттілік тілеп, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың құттықтауын жеткізді. Түркияның Ұлттық Қозғалыс партия төрағасының орынбасары, Анталия қаласының депутаты М.Гүнал, ХҚТУ Өкілетті кеңес төрағасы, профессор М.Йылдыз, Мармара университетінің ректоры, профессор М.Е.Арат, Манас университетінің ректоры профессор С.Балжы, Ахмет Ясауи университетінің президенті, профессор У.Әбдібеков, І вице-президент, профессор М.Куталмыш, Түркияның мемлекеттік және жергілікті муниципалдық қызметкерлер мен жұмысшылардың кәсіподағы Бем-Бир-Сен директоры М.Турбай, ХҚТУ Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, профессор М.Топлу құттықтау сөздерін айтып, конгресс жұмысына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар университет президенті У.С.Әбдібеков Түркияның Ұлттық Қозғалыс партия төрағасының орынбасары, Анталия қаласының депутаты М.Гүналға, Мармара университетінің ректоры, профессор М.Е.Аратқа, Манас университетінің ректоры профессор С.Балжыға оқу орданың «25 жылдық» мерейтойлық төсбелгісін тағып, ұлттық шапан жапты.
Конгреске қатысушы ғалымдар үш күн бойы түркі әлемінің мәселелерін талқылады.
Университет баспасөз қызметінің жетекшісі,
А.Сәдібеков
qazaquni.kz
- Манас университетінің ректоры профессор С.Балжы
- Ахмет Ясауи университетінің президенті
- профессор У.Әбдібеков
- І вице-президент
- Түркияның Ұлттық Қозғалыс партия төрағасының орынбасары
- профессор М.Куталмыш
- Анталия қаласының депутаты М.Гүнал
- ХҚТУ Өкілетті кеңес төрағасы
- Түркияның мемлекеттік және жергілікті муниципалдық қызметкерлер мен жұмысшылардың кәсіподағы Бем-Бир-Сен директоры М.Турбай
- профессор М.Йылдыз
- ХҚТУ Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
- профессор М.Топлу
- Мармара университетінің ректоры
- университет президенті У.С.Әбдібеков
- профессор М.Е.Арат