ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛМЕЙТІН МӘҢГҮРТТЕР БИЛІКТЕН КЕТСІН!

60
11040

Елдің экономикасын бұлар тонап-бүлдіріп тастады. Енді олар экономиканы түзете алмайды. Мен бұны баяғыда түсіндім. Қандай сауатты маман болса да жүректе ұлттық от жаңып тұрмаса – істің бәрі бос, далбаса. Көкірегінде таза ниет жоқ болса қайтесің?

Сондықтан, 1 қыркүйектен бастап – жаңа саяси маусымда – Үкімет пен Парламенттың түгел отырыстары мемлекеттік-қазақ тілінде өту керек. Жеркомның отырыстары таза қазақ тілінде өтіп ақыры нәтижесін әкелді. Өйткені қазақ тілі – ол демократия мен әділеттіктің тілі. Қазақша сөйлеп тұрып сол қазақ халқына зиян шешімді қабылдау қиын болады.

Соңғы 10-15 жылдың ішінде елдің демографиясы қағида тұрғысында өзгеріп кетті. Қазақстандықтар қазақ тілді халқына айналып кетті. Сол себеппен қазақ тілін білмейтін Үкіметтің мүшелері және сондай парламент депутаттары орындарын өз еркімен босатып кету керек. Жаңа министрлер мен депутаттар президент сияқты қазақ тілінен кәдімгі емтихан тапсырсын. Болды, ондай кез келді.

Әйтеуір, бұл Үкімет пен Парламент Қазақстанның оккупациялық органдар болмаса бұл мемлекеттің тілінде сөйлесін. Ал сөйлесе алмайтындар кетсін, олардың кезі өтті. Заман өзгерді.

  Мұхтар Тайжан

  qazaquni.kz

60 ПІКІРЛЕР

  1. Енди оралмандарды солтустикке орналастыру керек,Кокшетау,бурабай,Караганды,Костанай озим болган жерлер мангурттер коп екен карнын ашат казактар орысша солегенде.оралмандармен араластыру керек.куткару керек казактарды,оз тилимизди!!!

  2. ҚАЗАҚ Елінің бір азаматы ретінде,ҚАЗАҚ халқының болашағы ұшін мее қолдаймын,кей қандастарымыз оралмандарды анау мынау дейді,деседе ел көсегесін көгертуге ат салысқан оралмандар қаншама.менде сол оралманмын қытайдан келгем.жаман айтпай жақсы жоқ,бір жағыдай болса алдымен шығатын сол ҚАЗАҚТАР әрине ішінде қаны ҚАЗАҚ ОРАЛМАНДАРДА БАР,Ббасқаларға дымда қызық емес.осыны кейбір баурластарымыз ойланса екен.

  3. Жарайсың, «Қазақ үні». мәңгүрттердісоюды жалғстырып, 16 жылдан бері жүргізіп келе жатқан күресте жеңіске жете бер!

  4. Халық болып қолдаймыз. Осы жазбаны таратып үндеу тастайық ағайын. Бос сөз айта беретін уақыт өтті!

  5. Өте дұрыс, мемлекеттік қазақ тілін білмейтін шенеуніктен патриоттық күтудің қажеті жоқ. Оларда ұлттық намыс болмайды, масқаралағандары жеткіліктіден де көп. Өзгелер силау үшін өзімізді силауымыз қажет. Альтуристік, құлдық психологиядан шығатын уақыт баяғыда болды. Қолдаймын!!!

  6. Қазақ тілін қор қылған кімге болсын жараспас, қазіргі уақытта барлық мекемелерде қазақ тілін үйретіп жатыр. Болашақта толық қазақ тілін меңгеріп, мәртебесі жоғарылайды деген сенімдіеміз.

  7. Қазақ тіліін тек бастауыш сыныптарда оқыту қажет.Бесінші сыныптан бастап қазақ тілі сабағы ақылы болсын.Сонда қазақша сөйлейтін азаматтар көбейеді .Қазақ халқы орыстілді халық,бүкіл қазақ даласы орысшалап тұрғандай!

  8. Жараисын муктар озын сиакты батыл жыгыттыр халыкты оиатпаса кул болып быттык кои абден алга казактын зиалылары.

  9. Дұрыс айтасыз. Өздері қазақ бола тұра бір сөз білмейтіне ұялмайды. Қазақтарды орысша жаза алмайды, сауатсыз деп кінәлайды….

  10. Міне, осындай танымал адамдар батыл қадамдарға барып, батыл ұсыныстар айтса, заман алға дамиды.Үкімет пен Парламент «Қазақстанның оккупациялық органдар болмаса, бұл мемлекеттің тілінде сөйлесін» деген талабы өте орынды. Тек төрағалар қазақша біле ме екен. Басымыз қазақша сайраса, төменгі жақ қайда кетер дейсің, сайраймыз да…

  11. Өте дұрыс айтылған, қолдаймын. Қазақтың қамын тек, жаны қазақ адам шешеді. Мәңгүрттен ештеңе дәметуге болмайды. 25-жылда қазақша үйренбеген адам, оның жаны қазақ емес.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз