Павлодарда 11 жасар баланы жел ұшырып, өзенге құлатты
2018 ж. 24 мамыр
3900
0
Павлодарда баланы қатты жел ұшырып, Усолка өзеніне құлатты, деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, оқиға 22 мамырда кешке Усолка өзеніндегі "Дельфин" құтқару станциясына жақын жерде болған. Бір топ бала өзен жағасында жүргенде, 11 жастағы ер баланы жел ұшырып, өзенге құлатады. Қалған балалар қорқып, қаша бастаған.
Жақын маңда болған құтқарушылар баланы тез судан шығарып, станцияға жеткізді. Сол жерде жылытып, ата-анасын шақырыпты.