Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанның оңтүстігінде 42 градусқа дейін ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Түркістан облысында 2-4 маусым аралығында 40-42 градусқа дейін ыстық болады. Атырау облысында да ауа температурасы 35-38 градусқа дейін жоғарылайды.

Алматы облысында да 35 градусқа дейін ыстық болжанып отыр.

Ақмола облысында найзағай ойнауы мүмкін, солтүстік-шығыс желі секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Нұр-Сұлтанда 2 маусымда найзағай ойнайды деп болжанып отыр. Көкшетау мен Қостанай облысыда да найзағай болжанады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады. Солтүстік желі секундына жылдамдығы 15-20 метр болатыны айтылады.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстігі мен шығысында ауа температурасы төмендейді. Оңтүстік пен оңтүстік-батысты күн ыстық болады.