Қазыбек Иса. ТӘУЕЛСІЗДІК атауын ЖОЮҒА КІМ РҰҚСАТ БЕРДІ?!.
2019 ж. 28 наурыз
18365
7
ТӘУЕЛСІЗДІК АТЫН ҚОРҒАЙ АЛМАҒАНДАР ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙДЫ?
ТӘУЕЛСІЗДІК АТАУЫНА ҚАРСЫ ШЕШІМ ШЫҒАРҒАН Павлодар облысы, Өскемен және Талдықорған қалалық мәслихаттары таратылуы керек!
ТӘУЕЛСІЗДІК атын жоюға тапсырма берген, бастама көтерген ӘКІМДЕР ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ қалай отырады?!.
Қасиетті ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АТЫН ҚОРҒАП, БІР ДЕ БІР ДЕПУТАТТЫҢ ШЫҚПАҒАНЫ біздің ұлтық қауіпсіздік деңгейіміздің қауіпті жағдайда тұрғанын көрсетеді!
Бұндай әкімдер мен депутаттарың болса, жауды алыстан іздеудің керегі жоқ қой!
«Әкесін сабағанды көріп ем, арбаға байлап сабағанды тұңғыш көруім» дегендей, Елбасымыздың аты елордаға беріліп бітпей жатып, облыс орталықтарында көшелерге де беру үшін аламан жарыс басталып кетті.
Дәл сол кезде «Қазақ үні» ұлттық порталы «Тоқаев тапсырма бергенде Тәуелсіздік пен Абайдың атын алып тастаңдар деген жоқ» атты жанайқайын жариялап, дабыл қақты. Мен өзім де 2019 жылы 25 наурыздағы Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" коалициясы отырысында сөйлеген сөзімізде де айттық.
«Осыдан үш күн бұрын елордаға елбасының атын бердіңіздер, бірақ Назарбаевқа дейін де тарихымыз бар ғой. Ендеше, енді тариxи сабақтастық ретінде Петропавл қаласына кезінде өзінің ордасы тұрған, үш жүздің басын қосқан қазақтың ұлы xаны Абылай xанның атын, Павлодар қаласына қазақтың тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтың соңғы xаны Кенесарының атын, кезінде Алаш қаласы атанған Семейге қазақ тариxында ғана емес, Орта Азияда тұңғыш саяси партия құрған Алашорда үкіметінің төрағасы Әлиxан Бөкейxанның атын беріп, жалғастырып алып кетуіміз керек. Ұлы тұлғаларымыздың атын жаттың атын иеленіп келе жатқан Петропавл мен Павлодарға және Семей қалаларына беріп жатсақ, тариxи тамырымыздың тереңдігін, саясатымыздың кемелдігін көресетер іс болады деп білемін. Мәслихаттарымыз да, Парламентіміз де қала атын ауыстырудың ғарыштық жылдамдығын көрсетіп отыр, ендеше 28 жылдан бері неге созып келгенбіз бұл қалалардың атын ауыстыруды?..
Тек кеше "Қазақ үні" ұлттық порталы дабыл қағып, жазғандай, «шаш ал десе, бас алған» әкімдердің, яғни жергілікті мәслихат хатшылары мен депутаттарының «социалистік жарысы» арқасында ұлы тұлғаларымыз Абайдың, Әбілқайыр ханның, Төле бидің, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың аттарын алып тастауын, тіпті Тәуелсіздік атауын алып тастауға шешім шығарғанын қалай түсінуге болады? Батыр бабаларымыздың қанымен келген, бағасы да, баламасы да жоқ Тәу етер Тәуелсіздігіміз болмаса, Ел бола ма, Елбасы бола ма?»
Жарыс жанталасының екпіні қандай болғанын Тәуелсіздік даңғылын өзгертуге аталмыш мәслихаттарға бір сағаттың арасында ғана уақыт жеткілікті болғанынан-ақ білуге болады... Ендеше осындай ғарыштық қарқынмен, Тәуелсіздіктің атын алып тастауға 28 минуттай уақыт жұмсаған Павлодар облыстық мәслихат депутаттары 28 жылдан бері неге орыстың ауру патшазадасының аты «Павлодарды» алып тастай алмай отыр...?»- деп мәлімдедім.
Бізде қазір қандай да бір келеңсіздіктер болсын, ешкім, нақты бір тұлға жауап бермейтін, жалпылама жайдақ қарайтын жаман әдет қалыптасқан.
Біріншіден, осы облыс орталығы болып саналатын үш қаладағы басты көшелерден ТӘУЕЛСІЗДІК АТЫН ЖОЮҒА КІМ ТАПСЫРМА немесе РҰҚСАТ БЕРДІ?!. Әкімдер ме, мәслихат хатшылары ма?
Екіншіден, мәслихат сессиясында ТӘУЕЛСІЗДІК АТЫН ЖОЮҒА КІМ БАСТАМА КӨТЕРІП, ҰСЫНЫС ЖАСАДЫ?!.
Үшіншіден, қасиетті ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АТЫН ҚОРҒАП, БІР ДЕ БІР ДЕПУТАТТЫҢ ШЫҚПАҒАНЫ біздің ұлтық қауіпсіздік деңгейіміздің қауіпті жағдайда тұрғанын көрсетеді!
Сонда ТӘУЕЛСІЗДІК АТЫН ҚОРҒАЙ АЛМАҒАНДАР ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙДЫ?
Ендеше, бұндай мәслихат депутаттарының не керегі бар?!. Осы ТӘУЕЛСІЗДІК ұғымына қарсы шығып отырған шешімдерімен бұл мәслихаттар өзін-өзі таратуға дайындап отыр ғой... Мәслихат хатшылары мен депутаттар Әкімнің айтуынсыз аттап баспайтынын ескерсек, ТӘУЕЛСІЗДІК атын жоюға тапсырма берген, бастама көтерген ӘКІМДЕР ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ қалай отырады?!.
Белгілі болғандай, ТӘУЕЛСІЗДІК АТЫН ЖОЮҒА ТАПСЫРМА бергендер облыс, қала әкімдері де (суретте), ұсыныс жасағандар мәслихат хатшылары.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов, Өскемен қаласы әкімі Жақсылық Омар. Өскемен қалалық мәслихаты хатшысы А. Светаш.
Павлодар облысы әкімі Болат Бақауов, Павлодар қаласы әкімі Ануар Кумпекеев. Павлодар облыстық мәслихаты хатшысы Б. Бексейітова.
Алматы облысы әкімі Амандық Баталов, Талдықорған қаласы әкімі Дастан Шалтабаев. Талдықорған қалалық мәслихаты хатшысы Қ. Булдыбаев
Павлодар облыстық мәслихатында Тәуелсіздік даңғылының атын ауыстыруға қолдау жасаған депутат, Ақсу ферроқорытпа зауыты директоры Сергей Прокопьев (суретте).
Керекулік ұлт зиялыларының ондаған жыл күресіп, «Қазақ үні» газеті бастаған республикалық БАҚ-тар талай жазып, Кутузов даңғылының атын ТӘУЕЛСІЗДІК деп атауға былтыр ғана қол жеткізгені Сергей Прокопьев пен облыстық мәслихат депутаттарының бірінің де ойына кіріп шыққан жоқ... Қалада Елбасының атына ауыстыруға сай келетін басқа «Астана» (бұрынғы Ленин көшесі), «1- май», Ломов, Лермонтов көшелері болғанның өзінде...
Сонымен қатар, Өскемен қаласындағы орталық көшелердің бірі Ушанов, Карбышев, Ворошилов көшелері, немесе Ертістің бойындағы ең әдемі жерде орналасқан Протозанов көшелері тұрғанда неге міндетті түрде ТӘУЕЛСІЗДІК даңғылының атын ауыстыру керек?
Мұндай кешірілмес саяси сорақылықтарға Республикалық ономастикалық комиссия тоқтау салады деп сенеміз.
Біз енді төменде осы ТӘУЕЛСІЗДІК АТЫН ЖОЮҒА ШЕШІМ ШЫҒАРҒАН облыстық мәслихат депутаттарының тізімін жариялаймыз.
Қазыбек ИСА,"Қазақ үні"
ТӘУЕЛСІЗДІК АТЫН ЖОЮҒА ШЕШІМ ШЫҒАРҒАН ӘКІМДЕР мен ДЕПУТАТТАР
Таныс болыңыздар, Тәуелсіздіктің атын жойған Тәуелсіз Қазақ елінің әкімдері мен депутаттары мыналар:
Павлодар облысы әкімі Болат Бақауов.
Павлодар қаласы әкімі Ануар Кумпекеев.
Павлодар облыстық мәслихаты хатшысы Б. Бексейітова.
Павлодар облыстық мәслихаты депутаттары:
№ п/п | Ф.И.О. |
1. | Бугубаев Марат Асхатович |
2 | Прокопьев Сергей Леонидович |
3 | Шалабаева Аршагуль Альжахановна |
4 | Терентьев Александр Алексеевич |
5 | Сартаев Орал Рахмашевич |
6 | Бакауов Марат Жумабекович |
7 | Уразбаев Сайлау Шаймарданович |
8 | Нурханова Гульмира Габдулхамитовна |
9 | Турлубаев Жанат Кажатович |
10 | Тусупбекова Карлыгаш Женисовна |
11 | Абишев Кайрат Сансызбаевич |
12 | Оспанова Айман Каиркеновна |
13 | Берковский Владимир Александрович |
14 | Айтжанова Динара Нуржановна |
15 | Капенов Кабылкак Кабдыл- Манапович |
16 | Круг Олег Павлович |
17 | Вакансия |
18 | Вакансия |
19 | Романов Роман Сергеевич |
20 | Бексеитова Бахыт Макановна |
21 | Вакансия |
22 | Арынов Ербол Сейтахметович |
23 | Стрелковская Марина Владимировна |
24 | Сыздыков Серым Вахапович |
25 | Бойчин Анатолий Васильевич |
26 | Касицин Александр Анатольевич |
27 | Поляков Александр Владимирович |
28 | Вакансия |
29 | Мейрамова Айнур Зайргельдиновна |
30 | Свамбаев Рыскан Тишпекович |
31 | Гайнулин Раис Харисович |
32 | Абишева
Гульжан Исимбаевна |
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов,
Өскемен қаласы әкімі Жақсылық Омар
Өскемен қалалық мәслихаты хатшысы А. Светаш
Өскемен қалалық мәслихат депутаттары:
№ п/п | депутаты |
1 | Курмангалиев Арман Айтмуханович Тел. 23-30-61 |
2 | Тлеукенов Оралхан Ракимжанович 60-25-36 |
3 | Бахыт Маржан Тел. 70-55-38 |
4 | Белялёв Анатолий Анатольевич Тел. 77-67-02 77-46-61 |
5. | Потапов Игорь Николаевич Тел. 25-82-82 |
6. | Ахметжанов Ринад Руланович Тел. 70-49-41 |
7. | Анашкин Михаил Николаевич Тел. 21-79-32 |
8. | Нурбаев Ерлан Магзуммадиевич Тел. 62-50-48 |
9. | Омарбеков Ермек Сембаевич Тел. 57-38-55 |
10 | Светаш Александр Александрович Тел. 26-43-48 |
11 | Тесленко Максим Владимирович Тел. 62-18-70 |
12 | Кондратенко Сергей Николаевич Тел. 23-31-33 |
13 | Рахимбердин Куат Хажумуханович Тел. 54-01-77 |
14 | Каримов Станислав Александрович Тел. 87027766702 |
15 | Фролов Олег Геннадьевич Тел. 26-88-33 |
16 | Умарбеков Нурлан Кажмуратович Тел. 29-11-06 |
17 | Миронова Юлия Вячеславовна Тел. 55-17-22 |
18 | Потапенко Николай Михайлович Тел. 29-17-29 |
19 | Сайлаубаев Сейлжан Жиреньевич Тел. 26-28-10 |
20 | Кикина Марина Ивановна Тел. 71-27-14 |
21 | Коротин Сергей Викторович Тел. 20-87-77 |
22 | Климов Сергей Александрович Тел. 29-83-04 |
23 | Екибасова Майраш Шайзадиновна Тел. 26-73-13 |
24 | Досыбаева Алия Нарбековна Тел. 75-15-35 22-45-10 |
25 | Рахимжанова Тамара Анатольевна Тел. 53-09-08 |
Алматы облысы әкімі Амандық Баталов.
Талдықорған қаласы әкімі Дастан Шалтабаев
Талдықорған қалалық мәслихаты хатшысы Қ. БулдыбаевТалдықорған қалалық мәслихаты депутаттары:
№ избир. округа | Ф.И.О. депутата |
1 | 2 |
№1 | Ахметова Асия Турсуновна |
№2 | Джансенгиров Серик Максимович |
№3 | Нурлыбаева Жамал Нуратаевна |
№4 | Онгарбаев Берик Сатыбалдинович |
№5 | Доскалиев Марат Канатович |
№6 | Ержанова Баян Хамидуллаевна |
№7 | Сапаров Елдар Қайсарұлы |
№8 | Ким Валерий Федорович |
№9 | Валишанов Руслан Вахапович |
№10 | Мамыров Маулен Сатымбаевич |
№11 | Булдыбаев Кайрат Найманбаевич |
№12 | Мусабекова Мамила Курманжановна |
№13 | Аркабаев Бакыт Ергазинович |
№14 | Ахажан Темирболат Жанболатович |
№15 | Тустукбаев Бакытай Кабдолданович |
Бұндай әкімдер мен депутаттарың болса, жауды алыстан іздеудің керегі жоқ қой! Міне, Тәуелсіз елде ТӘУЕЛСІЗДІК АТЫН ЖОЙҒАН осындай ӘКІМДЕР мен ДЕПУТАТТАР да бар!
"Біздің Қазақстанда бәрі де бола береді"-деген мысқыл сөз осындай масқараларды көріп шыққан шығар...
Qazaquni.kz