Үкімет су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуге дайын емес
2017 ж. 19 сәуір
2051
3
Шенеуніктер апаттан келген шығынның нақты көлемін әлі білмейміз деп отыр. Сондықтан судың деңгейі басылған соң ғана шығынды есептеуге кіріспек деп хабарлайды КТК арнасы.

Бүгінде Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында мыңнан астам баспана судың астында қалды. Қауіпті аймақ қатарына Шығыс Қазақстан облысы да қосылуы мүмкін. Ал тасқын салдарынан қазір үш өңірде: Қарағанды, Жезқазған, Қостанайда жол жабық.
"Су тасқыны салдарынан облыстық жолдарға да зиян келді. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық жолды байланыстырып тұрған көпір құлады. Бірқатар республикалық трассаларда қозғалыс тоқтатылды", - дейді Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин.