Жұмыс істейтін жастар үшін жатақхана салынады
2016 ж. 03 наурыз
2103
1
Биыл әлеуметтік салаға арналған шығыстар 2 трлн 998 млрд теңгені құрайды. Бұл бекітілген жоспардан 124 млрд теңгеге артық. Соның ішінде 5,8 млрд теңге Халықаралық қайта құру және даму банкімен ратификацияланған келісім шеңберінде электрондық денсаулық сақтауды одан әрі іске асыруға бөлінеді.
55,7 млрд теңге медициналық көмек көрсету бойынша тарифті арттыруға бағытталады. 63 млрд теңге Үкіметтің арнайы резервін қайта бөлу есебінен «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыруға жұмсалады. Бұл ретте қаражат инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге, шағын несие беруге, еңбек жастары үшін жатақхана салуға, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтауға және оқытуға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауға қарастырылады.
Дерек көзі: БАҚ.кз