Жаңа бағдарлама арқылы жастарға кәсіптік бағдар берілді
2015 ж. 10 шілде
4133
0
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты әлеуметтік жобасын іске асыру мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігінің жанында жұмысшы тобы құрылып, құрамына облыс әкімінің орынбасары, жастар саясаты, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдараламалар, ішкі саясат, білім басқармаларының басшылары енді.
Маңғыстау облысының 98 жалпы білім беру ұйымдарында және техникалық кәсіптік білім беретін 9 колледждерде оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүйелі жүргізілді.
Жыл сайын республиканың жоғары оқу орындарының өкілдері мамандық таңдау және кәсіптік бағдар беру бойынша облыстың мектеп және колледж бітірушілерімен кездесулер өткізіп келеді.
Сондай-ақ, аталған жоба бойынша облыстық штаб құрылып, өз жұмысын бастады.
Халық арасында Серпін бағдарламасы жөнінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсінік жұмыстары жүргізілді.
2014-2015 оқу жылында облыстағы мектеп бітіруші түлектермен Республикадағы жоғары орын өкілдері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Соның ішінде, «Серпін-2050» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың сәуір айында Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы аймақтық мемлекеттік университетінің өкілдері облыс мектептерінде кәсіптік бағдар бойынша кездесулер өткізілді.
Сонымен қатар Ақтау қаласында мектепте, Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы аудандарының мектептерінде 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар және мамандық таңдау жөнінде жұмыстары, 16.05.2015 жылы жергілікті телеарнада аталған оқу орны өкілдері мен білім басқармасы өкілдерінің сұхбаты жүргізілді.
20.05.2015 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті өкілдері Ақтау қаласының 19 мектебінде кәсіби бағдарлау аясында мектеп бітіруші түлектермен кездесулер өткізілді, оған 1050 түлек қатысты.
21.05.2015 жылы Мұнайлы ауданының №4 мектебінің 255 түлек 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіліп, университет өкілдері мамандықтар бойынша жарнамалық материалдар таратты.
3765 мектеп бітіруші түлекке кәсіптік бағдар бағытында ақпараттық түсінік берілді.