Павлодарда жартылай көмілген қабір жұртты шошытты (видео)

0
2922

Павлодарда тұрғындардың бірі марқұмның дұрыс жерленбегенін байқап қалып, ұялы телефонына түсіріп, желіге жүктеп жіберген.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Туысының басына барған әйел жартылай көмілген қабірден ақ матаның шығып тұрғанын көргенде шошып қалыпты. Кейін ғаламторға жүктелген бейне желі қолданушыларының да жағасын ұстатты. Сөйтсе, жақындары жоқ ер адамды көмуге кіріскен зират қызметкерлеріне сол жерде пайда болған аралар тап берген екен. Араға әбден таланған жұмысшылар мәйітті жартылай ғана көміп үлгеріп, әрең қашып құтылыпты. Мұны растаған зират басшылары жәндіктер сабасына түсісімен, мәйітті қайта жерлеуге кірістік деп отыр.

«Осы саладағы 33 жылдық тәжірибемде мұндай жайтқа бірінші рет кезігіп отырмын. Мәйітті көмген жер астында ара ұясы болған сияқты. Үріккен жәндіктер жұмысшыларға тап берген. Қайта олар қатты зардап шекпеген», деді ЖШС басшысы.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз