Тәуелсіздік жылдары елімізге қанша оралман келді? Қаншасы білімді, қаншасы еңбекке қабілетті?
2016 ж. 09 ақпан
2841
0
Елбасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның көші қон мен халықты жұмыспен қамту салаларын әрі қарай жетілдіруді жүзеге асыруға бағытталған «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған болатын.
Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі Өзбекстаннан келген. Нақтырақ айтсақ; 61,6% — Өзбекстаннан 14,2% — Қытайдан, 9,2% — Моңғолиядан, 6,8% — Түрікменстаннан, 4,6% — Ресейден 3,6% — өзге елдерден оралған қандастарымыз.
Олардың көбі Оңтүстік Қазақстан облысына орналасқан. 21,2% — Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% — Алматы облысына, 13% — Маңғыстау облысына, 9,4% — Жамбыл облысына, 40,1% — еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды.
Елге оралған қандастарымыздың еңбекке жарамды, яғни еңбек жасындағылар көп. 55,6% — еңбекке қабілетті 39,9% - 18 жасқа дейінгілері 4,5% - зейнеткерлер.
Еңбекке жарамды оралмандардың жартысынан көбінің жалпы орта білімі бар. 8,8% - жоғарғы білімді 20,6% - орта арнаулы білім бар 60,8% — жалпы орта білімі бар азаматтар 9,8% - ешқандай білімі жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 24 қарашада Елбасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның көші қон мен халықты жұмыспен қамту салаларын әрі қарай жетілдіруді жүзеге асыруға бағытталған «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған болатын. Заңда этникалық қазақтарды тарихи отанына оралуын ыңталандыру мақсатында: — этникалық қазақтарға қоныстану өңіріне қарамастан оралман мәртебесін беру. Оларға шетелдік азаматтарға қарағанда көші-қон полициясына хабарласу арқылы төлем қабілетін растаусыз уақытша тұру ықтиярхатын алу мүмкіндігі беріледі; — этникалық қазақтарға Үкімет белгілеген өңірлерге қоныстанған жағдайда әлеуметтік пакет беру. Сондай-ақ, еліміздің кез келген өңірінен Үкімет айқындаған екінші өңірге қоныстанған оралманның әлеуметтік қолдауды алуға мүмкіндігі болады. Егер олар қоныстанған өңірден 5 жыл мерзімнен бұрын қоныс аударып кететін болса, алған көмектерін Үкіметке қайтару міндеттері қарастырылған. — оралмандарға Қазақстан Республикасының азаматтығын беру мерзімін уақытша тұру ықтиярхатын алғаннан кейін 1 жылға дейін қысқарту көзделеді.
qazaquni.kz Дерек көзі: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі