ОҢБАЙ жеңілгені үшін ОЛИМПИАДА АЛТЫНЫН БЕРУДІ РИОДАН көрдік…

Бокс жаулары Олимпиада төрінде төрешілік жасап отыр!..

левит О заманда бұ заман, оңбай таяқ жеп, құлай жеңілгені үшін Олимпиада алтынын беруді Риодан көрдік... Қазақ батыры Василий Левит Ресейдің Тищенкосын тым-тырақай қуалап жүріп сабады, тіпті құлатып та түсірді.  Ақырында сол сұрапыл жеңісі үшін - жеңіліп, алтыннан айрылды... Rioсentro кешеніне жиналған бүкіл жанкүйерлер төрешілердің шешіміне қатты наразы болып, қарсылық білдірді. Айқайға басып, гуілдеп кетті. Ал рефери Тищенконың қолын көтерген сәтте, залдағы бар көрермен «Қазақстан» деп айқайлап тұрып алды.   Мынадай әділетсіздікке шыдамаған Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжан өзі барып Левиттің қолын көтерді. Қиянат қыспағында қалған бахадүріне бас бапкер осылай қолдау білдірді. Марапаттау рәсімінде де Василий Левитке риза болған  жанкүйерлер оған ұзақ қол соғып, қошемет көрсетті. Төрешілердің әділетсіздігіне мойымаған Василиий өзіне халықтың көрсеткен қошеметіне шыдамай, босап кетіп, жанарына жас іркілді. Ал «жеңіске» жеткен ресейлік Тищенко алтын алқаны таққанда  залдағы көрермендердің барлығы  қарсылықтарын айқын білдіріп  жатты. Левит Тищенко 1 Бұл жерде Тищенкода кінә жоқ, оның ойын аяқталғандағы түріне қарасаң, жеңілгенін мойындап та қойған болатын... Ол байғұс  та қайдан білсін, жеңіс сайысқа емес ... саясатқа берілетінін...   Жеңілісті ресейлік жанкүйерлер де толық мойындап отырған еді...  Тищенко  алтыннан алқа тағып тұрып, кінәлі кейіпте Левиттің қолын алды... Тіпті, ол баспасөзде «Левитті әділетсіз жеңсем, кешірім сұраймын»-деп те мәлімдеді. Саясаттың қорлығын қойсаңшы,  Ресейлік боксшыны  алтын медальмен марапаттауға қазақтың  тарлан боксшысы,  Серік Қонақбаевты  шығарды... Ал әйтпесе...  Алматыда бокстан өткен әлем чемпионатында жалғыз өзі Ресей тілінде сөйлеген, парламентте отырғанда қазақ тіліне төрт рет қарсы дауыс берген одан не күтуге болады?.. Қазақ боксшыларын әділетсіздіктен қорғайтын бірден-бір адам - АIBA вице-президенті болып табылатын ол Мырзағали Айтжан секілді мінез көрсете алған жоқ,  Тищенконы қуана-қуана марапаттап кетті... Үш раунд бойы  «жеңісті» Ресей боксшысына берген Ирландия, Колумбия және Алжирден келген төрешілерді ит қосып қуу керек!  Оларды Олимпиада түгілі, біздің Қызылқұмның  ауыл спортына да жақындатуға болмайды! Иә, мынадай төрешілерің болса, боксқа, жалпы спортқа жауды алыстан іздеудің керегі жоқ... Бокстің жаулары Олимпиада төрінде төрешілік жасап отыр. Олар сатылғандар! Спортты лас бизнеске айналдырғандар! Шетелдік  бір белгілі бокс тарланы: "Бокста жүрген қырық жыл бойы мұндай сұмдықты көрмеген едім" деп жазды... Ресей құрамасының бапкері Эдуард Кравцовтың өзі қазақстандық боксшының жеңгенін мойындады. «Енді, не айтуға болады, бұл жекпе-жекте кімнің жеңгенін бәрі көрді! Мен өзім әділ төрешілікті қалаймын. Сондықтан бапкерлер мен спортшылардың еңбегі тиісті деңгейде бағалануы қажет деп санаймын! Біз, бапкерлер, «станоктың» қасында тұрған адамбыз ғой. Сол себепті Василий мен оның бапкерлеріне, жалпы бүкіл бокс бойынша «әттеген-айдан» басқа ештеңе айта алмаймыз! Өйткені ринг айналасында болып жатқан бұндай жағдайлар біздің спортымызға абырой әкелмейді. Өкінішке қарай, бұл Олимпиадада болған жалғыз жекпе-жек емес. Оны бір реттік оқиға емес, үдеріс деп атау қажет"-деп, өкінішін білдірді. Ал, танымал ресейлік промоутер Владимир Хрюнов қазақстандық боксшы Василий Левитке шеберлігі үшін Вэл Баркер атындағы кубокты беруді ұсынып отыр Василий Левиттен әділетсіз  тартып алған алтын алқалары парақор батыраш төрешілерді  түсінде буындырмай ма екен... Төрт жылда бір келер Олимпиададағы мынадай әділетсіздікті көрген соң  Twitter әлеуметтік желісінде бокс сарапшылары мен жанкүйерлер Левиттің жеңіске жеткенін жазып, төрешілердің әділетсіздігіне  қарсы қазақстандық боксшыны қолдау үшін #Levit хэштегі ашылды деп хабарлайды Азаттық. Бокс промоутері Лу Дибелла Twitter парақшасында “Менің ойымша, AIBA – мафия. Бұл – тарих үшін де, Олимпиада үшінде масқара” деп жазды. Бокс сарапшысы Дэн Рафаэль “Рио ойындарындағы бұған дейінгі кездесулерде төрешілер жақсы жұмыс істеп еді. Бірақ бүгінгі (Тищенко-Левит матчы) төрешілердің жұмысы  өте жаман” деген пікір білдірді. Кәсіпқой боксшы Серхио Рамирестің пікірінше, “Бұл жекпе-жекте Қазақстан боксшысы жеңіске жеткен”. Ал Райан Чик есімді жанкүйер “Левитті таза жығып берді. Левит 30:27 есебімен жеңді деп ойлағам. Екінші раунд тең болған шығар, бірақ бірінші және үшінші раундта ол таза жеңді. Әділетсіз төрелік” деп жазған. Қазақтың дарынды боксшылары Қайрат Ерәлиев, Жәнібек Әлімханұлы, Олжас Сәттібаевтар да төрешілердің «соқырлығынан» жарыс жолынан шығып қалды... Енді Данияр, Әділбек, Дычколарға  Алла  қуат беріп, Алтыннан алқа тағуды жазсын! Қазыбек ИСА Qazaquni.kz Левит Тищенко 2 Левит Тищенко 3