Енесін "МАМА" дейтін еркектер қайдан шыққан?
2017 ж. 27 қыркүйек
23208
106
Бір туысым бар. Жақсы жігіт. Бірақ бірнеше мәрте байқадым, енесін "мама, мама" деп қақылдап отырғанын. Бүгінде сол құбылысты көрдім. "Келіншегінің анасын қазақ жігіті ана деген" дегенді еш жерден оқымаппын. Оқымайтыным да заңдылық, өйткені қазақ олай атамаған. Менде үйленген жанмын, келіншегімнің әкесін де, анасын да сыйлап, құрметтеймін. Бірақ оларға ешқашан "әке, ана" деген емеспін, демеймін де! Одан менің оларға деген құрметім кеміп қалмас. Менің бір әкем бар, екі анам бар. Екі анамның біреуі ақ сүтін берген аяулы анам, екіншісі Отан Анам. Болды! Ата-енесін "мама, папа" дейтін еркектерді кейінгі кезде көп кездестіремін. Ол қайдан шыққан құбылыс?
Асхат Қасенғали Фейсбуктегі парақшасынан