Қазақ жастары не шегіртке, не қораз болғысы келеді - Ахметбек Нұрсила
2017 ж. 17 қыркүйек
6608
7
Бауыржан Момышұлы көшесінде жақсы монша бар. ЕмБуСу деп аталады. Алдыңғы күні Слямбек деген інім Астанадан келіп ертіп бардым. Бір уақытта 3 қазақтың жігіті тағы бір топ қазақтың жігіттерімен байланысып (біреудің простынясын екіншілері байқамай алып кеткен екен) ақыры төбелес басталып кетті.
Мықты, төбелеске машыққан жігттер екендері көрініп тұрды. Кішкентайлау біреуі таяқ жеп қалып жүгіріп барып пышағын алып келіп, төбелске еш қатынасы жоқ біреудің бүйрегіне пышақ салып алды. Ана бейкүнә жігіт өлді ғой деймін..
Міне, Бокс, білекке сену қайда апарады!
Қазақтың жастарының жартысы шегіртке (Әнші), екінші жартысы қораз (Боксер) болғысы келеді! Ғылым мен білімнің заманы емес пе қазіргі ғасыр?? Ойланайық ағайын!
Ойында жоқ бірінің Салтыков пен Толстой, Я тілмаш, я адвокат Болсам деген бәрінде ой, Көңілінде жоқ санасы. Ақылы кімнің бар болса, Демес мұны тілі ащы. Айтыңызшы, болсаңыз Здравомыслящий, Ақыл айтпай ма ағасы? Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге. (Абай)
Ахметбек Нұрсила,
Фейсбук парақшасынан