Г. Қыстаубаев: Келіннің сәлем салуына қарсыларды, Саудияға жіберіп, ризашылығын аламыз
2017 ж. 31 тамыз
2983
3
1. Тәңір дін емес! Ол біздің ата-бабамыздың исламға дейінгі таным-сенімі.
Сондықтан тәңірге қарсыларды;
2. Қазақ әруақты тек қана сыйламаған, әруаққа табынған, сыйынған.
Бұдан басқаша ойлайтындарды;
3. Келіннің сәлем салуы - ұлттық дәстүріміздің жауһары, отбасы қарым-қатынасының тазалық кепілі! Келіннің сәлем салуына қарсыларды ұлтшылдар билікке келсек, Саудияға жіберіп, ризашылығын аламыз.
Себебі - Саудиядан жұмаққа жол жақын көрінеді. Не армандары бар!
Олардың түсінігінде "дінде ұлт жоқ" екен ғой, барсын... Тәңірсіз, әруақсыз, иіліп сәлем салмайтын жерде, жұмақтың қасында өмір сүрсін!
Геройхан Қыстаубаев
Фейсбуктегі парақшасынан