Ресейдің "Ұлы державамыз" дегеніне кім сенеді?
2017 ж. 08 тамыз
3757
4
Ресей өзін ұлы держава санайды. АҚШ пен Еуропаны иттің етінен жек көреді. Сөйте тұра АҚШ шығарған айфон телефондарын шенеуніктері жарыса алады. АҚШ пен Еуропа елдерінің фильмдері Ресей кинотеатрларында күн сайын жарық көріп, тұсауы кесіліп жатса, Ресей фильмдері ондай атақты аңсауға ғана қауқарлы. Шенеуніктері Пежоға отырып алып - Францияны, Мерседеске отырып алып - Германияны, Фордқа отырып алып - АҚШ-ты айыптайды. Халқы қираған жолмен, бүйректері түскенше "Ладаға" отырып алып, "да ладно, біз державамыз" деумен күнді атырып, түнді батырады. Онысы өздері жек көретін Еуропаға қалай еліктейтінін жасырғысы келгендей әсер қалдырады.
Тіпті кезінде шенеуніктері орыс тілін төменгі тап тілі санап, француз тілін үйреніп, оны ұлы мәдениет ретінде қараса, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін, өздері физикалық тұрғыдан жеңе тұра жаппай мектептерге неміс тілін енгізді. Енді соның бәрін ұмытып, "орыс тілін таптағандарды біз құртамыз" деп айғайлауда. Кезінде өзі таптағанын ұмытып кеткен-ау деймін. Осындай елдің "ұлы державамыз" дегеніне кім сенеді? Өкінішке орай сенетін кей орысқұлдар бар екен!
Асхат Хасенғали,
Facebook парақшасы