ҚР СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери шиеленіске қатысты мәлімдеме жасады

[caption id="attachment_96422" align="aligncenter" width="698"] Фото: Gulf News[/caption]

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

"Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға алаңдаушылық білдіреді.

Қазақстан екі ел арасындағы ашық және конструктивті саяси-дипломатиялық диалог қазіргі дағдарыстан шығудың жалғыз тиімді және қолайлы жолы деп санайды.

Қазақстан тараптарды ахуалдың одан әрі ушықтырмау үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне сүйене отырып, барынша сабыр танытып, халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырды" - делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, кеше Пәкістан қарулы күштері Кашмир өңірінде Үндістанның екі әскери ұшағын жойған.