Ресей СІМ: "Теңгеден орыс тілін алу - Қазақстанның ішкі ісі"
2019 ж. 25 ақпан
2085
1
Ресей Сыртқы істер министрлігі ақпарат және басылым департаментінің директоры Мария Захарова "Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгеден орыс тілі алынады" деген ақпаратқа өз пікірін білдірді деп, жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі news.ru сайтының ақпаратына сүйеніп.
«Біз мұны тәуелсіз мемлекеттің ішкі ісі деп ойлаймыз. Себебі, ұлттық валюта әнұран мен ту секілді кез келген тәуелсіз елдің рәміздерінің бірі болып табылады. Бірақ бұл мәселе қатаң – біздің бақылауымызда. Себебі, Қазақстан ғана емес, жалпы орыс тілі - ана тілім деп санайтын азаматтары бар елдерге қамқор болу - Ресей Сыртқы істер министрлігінің міндеттері мен қызметтерінің бірі», - деді дипломат Мария Захарова баспасөз мәслихатында.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған, "Ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» жарлықта теңгедегі жазу тек мемлекеттік тілде болуы қажет деп жазылған.