Елбасы тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі жанынан жұмыс тобы құрылды
2019 ж. 07 ақпан
4262
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Үкіметінің жанынан еліміздің азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көп балалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы құрылды, - деп хабарлайды baq.kz.
Жұмыс тобына ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Е. Досаев басшылық етеді. Оның құрамы «Нұр Отан» партиясының, әлеуметтік-экономикалық блок, инфрақұрылымдық даму, ішкі істер министрліктерінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұрады.
Жұмыс тобы екі ай ішінде Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет.
Комиссия жұмысына бейінді ҮЕҰ, сарапшылар мен жұртшылық өкілдері тартылады.