Ресей министрі Қазақстанның Латын әліпбиіне көшуіне қатысты пікір білдірді
2019 ж. 18 қаңтар
3706
1
Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанның латын графикасына көшу туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.
Мәскеу Қазақстан билігінің латын графикасына ауысу туралы шешімін орыстілді азаматтардың құқығын шектейді деп есептемейді. Бұл туралы Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров 2018 жылдың қорытындысына арналған баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды ТАСС.
РФ СІМ басшысы Ресей мен Қазақстан арасындағы «өте жақын қарым-қатынасты» айтып өтті.Ол Қазақстанның келіссөздер жиі болып тұратын алаңдардың бірі екенін, ал екі ел басшылары жиі кездесіп, телефон арқылы көп хабарласатынын жеткізді.
Мұнымен қоса, Лавров Қазақстанда қазақ тілінің латын графикасына ауысуды қарастырып жатқанына тоқталды.
«Бұл – қазақ достарымыздың шешімі. Біз орыс тілін, Қазақстанның орыстілді тұрғындарының құқығын таптайтын шешімді көріп тұрған жоқпыз. Не дегенмен, бұл сұрақтар үнемі біздің бақылауымызда. Бұл сұрақтар Қазақстанмен күн тәртібінде тұр», - деді Лавров.
СІМ басшысы отандастары әлемнің қай түкпірінде болмасын Ресейге бірінші кезекте оларға басымдық беретінін жеткізді.
«Тек ТМД аумағы емес, Еуропа, Америка және басқа да елдерде тұратын отандастарымыз біз үшін қашан да бірінші кезекте тұрады», - деді ол.
Дереккөз: baq.kz