«Ақ жол» партиясы Павлодар облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды
2018 ж. 10 қазан
2013
2
Ағымдағы жылғы 6 қазанда «Ақ жол» ҚДП Павлодар облыстық филиалының есептік-сайлау конференциясы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қарастырылды: Елбасы Жолдауын талқылау және ұйымдастыру жұмыстары.
Конференция жұмысына партияның Орталық Кеңес хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов, партия Орталық Кеңесінің мүшесі, парламенттік фракция депутаты Ерлан Барлыбаев, «Ақ жол» ҚДП-ның облыстық кеңес мүшелері, қазақстандық партия өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, шығармашылық интеллигенция, жауынгер-интернационалист ауған соғысы ардагерлері, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
Жиын барысында облыстық филиалдың төрағасы Арынов Ербол Сейдахметұлының басқа қызметке ауысуына байланысты, конференцияның шешімімен жаңадан төраға болып Тапалшынов Сұңғат Бекболатұлы сайланды. Сондай-ақ, облыстық Кеңестің жаңа құрамы бекітілді.
Аталған іс-шараны қорытындылай келе, партияның Орталық Кеңесінің хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов және партия фракциясының мүшесі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Барлыбаев Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында жүктелген міндеттерге тоқталып, Павлодар облыстық филиалының атқарған жұмыстарының нәтижесі жөнінде сөз сөйледі.
Сонымен қатар, жиынға қатысушылар «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша, білім беру, агро-өнеркәсіптік кешен саласындағы маңызды проблемаларды, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру сынды бірқатар түйткілдерді талқылады.