Үкімет ауысып, бірқатар әкім қызметінен кетуі мүмкін — саясаттанушы
2018 ж. 25 тамыз
8703
0
Күзде Үкіметтің ауысуы мүмкін. Мұны Елбасының Атырауға барған сапарын қорытындылып, өз болжамын жариялаған саясаттанушы Талғат Қалиев айтты.
Саясаттанушы бұл болжамымен Телеграмдағы Кaliyev channel-де бөлісті, - деп жазады kaz.365info.kz.
«Сол жағалауда отырғанда үкіметтің ауысуы мүмкін екенін айтып, кімнің орнына кім келетінін өздерінше болжап жатыр. Бұған, әрине, негіз жоқ емес, бар. Өйткені күнтәртібінде пісіп тұрған мәселе көп.
Бір жағынан, Елбасының Атырау сапарында айтқаны да бұған жанама түрде әсер етуде. Әрине, елді шулатқан видеоны Елбасы да көрді. Атырау ІІД бастығының казинодағы масқарасын ше?
Мемлекет басшысының сапары да соған орай келе қалды. Елбасы қатты ашулы. Қатты айтты. Әйтпесе расында болмайды ғой.
Полицейлерді сынады, грузин моделінде реформа жасау керектігін мәлімдеді. Бұл дұрыс та. Әрине, мұның бәрі ауыс-түйіске әсер етеді.
Бірқатар әкімдер де орнынан кетуі мүмкін. Демек, бұл жолғы ауыс-түйіс ауқымды болады деп ойлаймын.
Бірақ тура 1-қыркүйекте Үкімет ауыса қояды деп айта алмаймын. Бұл отырыс Парламенттің демалыстан кейінгі алғашқы сессиясын ашуға арналады», — дейді ол.