«Ресей ыдырап тынады» – Вахтанг Кикабидзе
2018 ж. 21 маусым
4920
3
Грузин актері Вахтанг Кикабидзе Кеңес одағын қатты жек көргенін айтыпты. Оның сұқбатын сәрсенбі, 20 маусым күні Deutsche Welle жариялады, - деп жазды kaz.365info.kz.
Ол 1991 жылы КСРО құлаған кезде дастархан жайып, той жасап жібергенін айтты.
«Бұл әрине, шок болды, одақтың құлап тынатынын бәріміздің ішіміз сезіп жүрген еді. Бірақ бәрібір өзің ішінде бала кезіңнен қайнаған үлкен қазанның дәл бұлайша бір күнде бұрқ етіп құлап қалатынына бірден сене алмадық», — деді ол.
Кикабидзе Ресейді де осындай тағдыр күтіп тұрғанын жеткізді.
«Бірақ меніңше, Ресей тағы да тура сол жолмен келе жатқан сияқты», — деп атап өтті актер.
Вахтанг Кикабидзе Ресейге 2008 жылдан бері, Оңтүстік Осетиядағы қақтығыс аяқталғалы әлі бір рет те бармаған екен.
«Мен бір сұхбатымда айтып едім, мына «баскетболшылар» — Путин мен Дмитрий Медведев саясаттан кетпей, мен Ресейге бармаймын. Ресейді өзім өте жақсы көремін. Ол елдің халқы әнді тыңдай біледі, киноны сүйіп көреді», — деп қосыпты ол.