Назарбаев: Үкімет пен Парламент ТЕК МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК (ВИДЕО)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевты қабылдап, бірқатар тапсырмалар берген болатын. Өз сөзінде Елбасы "Үкімет пен Парламент тек ғана мемлекеттік тілде жұмыс істеуі керек" деп айтты.

Елбасының сөзі елдің зор қолдауына ие болды. Бірақ мемлекеттік мүддені қорғаған мемлекет басшысының сөзінен ""Үкімет пен Парламент тек қана мемлекеттік тілде жұмыс істеуі керек"  деген сөзіндегі  "ТЕК ҚАНА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК" деген сөзден "ТЕК" дегенді алып тастап, бұрмалаушылар мен  "редакторлық" етушілер көбейіп тұр...

Осыған орай "Қазақ үні" ұлттық порталы Елбасы сөзінің видеосын толық нұсқада назарларыңызға ұсынады.

- Латын қарпіне көшу мәселесін шештік қой. Бұл өте бір тарихи кезең біздің еліміз үшін. Сонымен бірге, біз қазақ тілінің дәрежесін көтеру үшін жұмыс істеуіміз керек. Мен Үкімет пен Парламентке айттым. Үкімет пен Парламент өзінің жұмысын тек мемлекеттік тілде жүргізуі керек. Басқа азаматтарды, ешкімді режітпеу үшін оларға аудару керек. Содан кейін, латын қарпін үйренумен бірге, қазақ тілін үйренудің жеңіл жолдарын жолға қою керек.  Ақпарат құралдарында "Мемлекеттік тіл басымдылығы күшейе береді" деп айту керек. Қазірден бастап, көшелердің атын, дүкендердің, мекемелердің атын ептеп-ептеп мемлекеттік тілге көшіре беру керек. Сонда қазақ тілінің дәрежесі көтерілетін болады, - деді Елбасы өз сөзінде.

Видеоның толық нұсқасы:

[video width="560" height="320" mp4="https://qazaquni.kz/wp-content/uploads/2018/02/2018022714570152.mp4"][/video]

Барлық авторлық құқықтар қорғалған. Мақаланы немесе Видеоны көшіріп басу үшін "Қазақ үні" ұлттық порталына міндетті түрде гиперсілтеме беруіңіз қажет.