Украина мектептері орыс тілінен бас тартып отыр
2017 ж. 09 тамыз
2396
5
Украинаның Білім министрлігінде хабарланғандай, елдегі 70% мектептер орыс тілінен бас тартып отыр. Әртүрлі аудандарында орыс тіліндегі арнайы сыныптар жабылып, уақыттың көп бөлігін ағылшын тіліне аударуды көздеп отыр.
Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі news.rambler.ru мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Украинадағы мектептердің басым көпшілігі орыс тілінде білім береді. Осыдан 3 жыл бұрын орыс тілінде елдегі 17 мыңға жуық мектептер сабақ жүргізген.
Елдегі Білім министрлігі мамандарының айтуынша, бұл шешімді ата-аналар ағылшын тіліне көбірек уақыт бөлу үшін қабылдап отыр.
Жергілікті билік өкілдері де бұл шешімнің дұрыс екенін айтып, құптауда. Украин тілін меңгеру болашақта балалардың өздеріне керек екенін айтуда. Украинаның Херсонск ауданында 26 мектеп орыс тілінен бас тартып, украин тілінде сабақ жүргізуді бастады.