Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара мәселесін қайта қарау идеясы айтылған емес - дума мүшесі
2017 ж. 02 ақпан
2575
1
Ресей мемлекеттік думасының халықаралық істер комитетінің басшысы Леонид Слуцкий мемлекеттік думада Қазақстан мен Ресей шекарасы мәселесін қайта қарау туралы мәселе көтерілгенін растамады, - деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасап tengrinews.kz.
"Кейінгі кездері, әсіресе, украиналық БАҚ Мемдума депутаты, ТМД істері комитетінің мүшесі Павел Шперовтың 26 қаңтарда думада айтылған сөздерін кең талқылап жатыр. Оның үстіне БАҚ өкілдері оның сөздерін бұрмалап, Қазақстаннан жер талап етті деп жатыр. Нақты айтайын, РФ мен Қазақстан арасында шекараны қайта қарау туралы ешкім сөз қозғаған емес. Бұл сөзді контексттен үзіп алып, журналистер өздерінше бұрмалап жіберген", - дейді Слуцкий журнлистерге.
Ол Қазақстан мен Ресей бауырлас елдер екенін атап өтті. "Біздің елдердің арасында ешқандай шиеленіс тумауы керек. Оның үстіне осындай қауесет үшін", - деп атап өтті шенеунік.
Слуцкий депутат Шперовтің ЕАЭО шеңберінде Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны қайта қарау немесе басқа да аймақтық талаптар туралы айтпағанына назар аударды.
"Мемлекеттік думада мұндай идея айтылған емес. Парламенттік фракцияларда да, халықаралық және ТМД елдері істері бойынша комитеттерде де мұндай ұсыныс болған емес. Бұған еш негіз жоқ", - деп аяқтады ол сөзін.