Сейітқазы және Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі шықты

5
1520

Астананың Есіл аудандық 2-сотында әкелі-балалы Сейітқазы және Әсет Матаевтарға үкім оқылды.

Сейітқазы және Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі шықтыАзаттықтың хабарлауынша, судья Ақболат Құрмантаев Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевты «қаржы жымқырды» және «салық төлеуден жалтарды» деп айыптап, алты жылға соттады. Судья Матаевтың «қылмыстық жолмен тапқан дүние-мүлкін» тәркілеп, өмір бойы мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда ақпарат тарату саласындағы басшылық қызметін атқару құқығынан айыру туралы үкім кесті.

Сот ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаевты «қаржы жымқырды» деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті.

Судья Құрмантаев бұған қоса Сейітқазы Матаевтың дүние-мүлкін тәркілеп, өмір бойына журналистік қызметпен айналысуына тыйым салуға үкім етті.

Сейітқазы және Әсет Матаевтарды судьяның үкімі бойынша сот залынан тұтқындап алып кетті.

Прокурор сонымен қатар Сейітқазы Матаевтың кәсіпкерлікпен айналысуына 3 жылға дейін тыйым салуды, ақпараттандыру және байланыс комитеті мен «Қазақтелеком» компаниясына олардың шағымы бойынша 169 миллион теңге өндіріп беруді және «төленбеген салық» ретінде 216 миллион теңге өндіруді сұраған.

Биыл 22 ақпанда «мемлекет қаржысын жымқырған» және «салықтан жалтарған» деген күдікпен ұсталған Сейітқазы Матаев 24 ақпанда үйқамаққа алынған. 28 наурызда Әсет Матаев та үйқамаққа алынған.

Әкелі-балалы Матаевтарға қатысты сот процесі Астанада 23 тамызда басталған.

5 ПІКІРЛЕР

  1. Бұл істі, көптің айтуы бойынша, əртүрлі бағалауға болар еді. «Қылмыстық мағынасы» əдейі тапсырыс арқылы ұйымдастырылған болу керек. Біздің қазақ халқының ішінен қазіргі билік басына шыққандар – жақсылық жағынан емес, арамдық жағынан чемпиондар.

  2. Заң бәріне ортақ болса мемлекеттік тапсырыс алғандардың барлығы неге жауапқа тартылмайды? Ал егер мемлекет қаржысы талан-таражыға салынса неге соған жол берген шенділер жауапқа тартылмады?

  3. Матаевтарды жалған түрде қолпаштап, әйтеуір Үкіметке қарсы пікір білдіремін деген оймен әрекеттер жасалғаны журналистер тарапынан белглі, қоғамдағы пікір туралы да соны айтуға болады. Алайда заң кедейге де, байға да ортақ екенін ұмытпауымыз керек.

  4. Матаевтың отбасына ауыр тигені шындық, бір емес, екі адам байланып отыр. Алайда бүлдірген істі мойынмен көтеру міндет.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз