ҰҚК экс-төрағасы сәләфиттерге қарсы шара қолдана алмағасын қызметінен кетті ме?!.
2016 ж. 08 қыркүйек
2874
2
ҰҚК бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Айта кетсек, Владимир Жұмақанов ҰҚК 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін басқарды
Ол 1955 жылғы 7 қарашада Свердловск облысы (Ресей Федерациясы) Гагарин ауданы Дулково ауылында туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқыған.
Қауіпсіздік органдарында 1982 жылдан қызмет етеді. КСРО МҚК Жоғары курстарын бітірген. Қызметін Қазақ КСР Министрлер Кеңесі МҚК кіші жедел уәкілі лауазымынан бастаған.
1994 жылдан – ҰҚК органдарының басшы қызметінде, 2001 жылы ҰҚК Төрағасы Кеңесшісі, 2001-2007 жылдары Департамент бастығы, 2007-2010 жылдары ҰҚК Төрағасының орынбасары, 2010-2015 жылдары ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
Ал 2015 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекет басшысының № 140 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазақ үні" ұлттық порталында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысына қатысты бірқатар сын мақалалар жарық көрген болатын. Солардың қатарында саясаттанушы Әзімбай Ғалидің ҰҚК сәләфиттерге қолдау көрсетіп жатқаны туралы да айтылған-ды. Аталмыш мақаламен қатар Елбасы атына ҰҚК жұмысын қадағалау туралы өтініштер жарық көрген еді. Арада екі апта өтпей ҰҚК төрағасы қызметінен кетті...