Үкіметтің бүгінгі отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қашағанда мұнай өндіру жұмысын қазан айында бастауға қатысты есеп берді. "Қашағанға қатысты "тфәй, тфәй, тфәй" дегім келеді", - Қанат Бозымбаев.
Айта кеткен жөн, министрге әлем бойынша ең ірі мұнай- газ қорын биылдан қалдырмай іске қосу міндеті жүктелген болатын, деп хабарлайды
Baq.kz.
Бозымбаевтың айтуынша, қазіргі кезде Қашаған кен орнында қауырт жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
"Жөндеу жұмыстары осы қарқынмен жалғаса беретін болса, тапсырманы орындау көрсеткіші 87 пайызды құрайды. Бұған дейін экологиялық айыппұл бойынша проблема болған. Қазіргі кезде ол мәселе реттелді. Егер біз Қашағанды қазан айында іске қосатын болсақ, онда республика бойынша мұнай өндіру көлемі 70,5 тоннаға дейін артады",- деп атап көрсетті Қанат Бозымбаев.
Министрдің баяндамасынан кейін премьер-министр Қашағанды іске қосу мерзімін тағы бір рет нақтылап алды.
"Сонымен Қашағанды қазан айында іске қоса аламыз ба?",- деп сұрады Мәсімов.
"Бәлкім, түкіріп қояйық", - деді Бозымбаев.
Оған Кәрім Мәсімов: "Сол жаққа түкірсеңіз, Досаевқа ("Бәйтерек" холдингінің басшысы-авт). Оң жаққа түкірсеңіз, Бишімбаевқа (экономика министрі-авт) тиеді",- деп қалжыңдап қойды. Осы кезде аталған шенеуніктер Бозымбаевтың екі жағында отырды.
"Қай жаққа түкірсек те, Қашағанды қазан айында іске қосу қажет",- деп түйіндеді Бозымбаев.
Дерек көзі:
Baq.kz