Мұхтар Тайжан: Егер адамдар митингке шықса, билік оларды естіп, тыңдай білуі керек
2016 ж. 24 мамыр
3176
4
Өткен сенбіде Астанада жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті, оның міндеті Жер кодексінің жерді сату мен жалға беру тақырыбындағы кейбір нормаларына қатысты халықтың даулы мәселелерінің барлығын шешу. 21 мамырда таңғы уақытта комиссия отырысы өтіп жатқанда еліміздің басқа өңірлерінде, әсіресе Алматыда рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыру әрекеттері болды. Жиналғандар ұсталып жатты, ал қатысушылары болмаған қалаларда журналистер ұсталып жатты. Полиция қызметкерлерінің заңға қайшы әрекет жасауы мәселесін отырыс барысында Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан көтерді. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол Жер кодексінің нормаларына мораторий жарияланса да және арнайы комиссия құрылса да, неліктен кейбір азаматтардың 21 мамырда митинг ұйымдастырғысы келгені жайлы сұраққа жауап береді.
Мұхтар Тайжан (сол жақта) мен Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин. © Facebook
Ал 21 мамырда болғаны - биліктің таңдаған ең нашар әрекеті: сүйреп, ұстап, автобусқа тықпалау. Біз малмыз ба сонда? Біз осы елдің азаматымыз ғой. Не үшін? Егер адам қоғамдық тәртіпті бұзбаса, бұзақылық жасамаса, экстремистік ұрандарды айтпаса, оны неліктен ұстайды, әйелдерді, қыздарды неліктен ұстайды? ХХІ ғасырда өркениетті елдің істейтіні осы ма еді? Жоқ, әрине. Сондықтан жер комиссиясының отырысында бас прокурордың орынбасары Андрей Николаевич Кравченкоға 21-і болған ұстау әрекеттері жайлы айттым. Арасында қыздар да бар, әйелдер де бар және олардың үйінде, ата-аналарының үйінде тінту жұмыстары жүріпті. Олар белгілі адамдар, желіде бар. Оларды 15 тәулікке қамаудың не мәні бар? Енді 21 мамыр өтті, енді дүйсенбіден бастап босата берейік те, оларды ұстаудың не қажеті бар? Бұл қисынсыз қаталдық қой, ол тек қарсы реакция туғызады, түсінесіздер ме? Ол өшпенділікті туғызады, өзара бөтен болуға итермелейді, бізге бұл керек пе? Бұл біздің ел, ортақ үй, мұнда өзіміз де тәртіп құра аламыз. Даулы мәселелер болса отырып, әңгімелесіп, келісу керек. Барлығы тыңдап отыр ғой. Мен Астанада болдым, бастапқыда бізді тыңдағылары келмеді, тыңдамайтын. Қазір болса менімен бір дастарханда отырады, сөздерімді естиді, кейде келіседі, келіспейтін тұстары да бар, десе де, диалог жүріп жатыр, көріп отырсыздар ғой, бұл конструктив, нәтижелі процесс. Мен өз жазбаларыммен бір тарапты байсалды болуға шақырамын, бірақ билік ұйымдасқан түрде, құрылымдалған және үлкен жауапкершілікпен тыныштықты сақтауы тиіс. Себебі биліктің құқық қорғау органдары, сот жүйесі, прокуратурасы, былайша айтқанда бәрі бар. Ал 21 күні Алматы полициясы не істеді - бұл арандату, араздық туғызды, өшпенділік туғызды, түсінбестік, өкпе, ашу туғызды. Бізге мұндай шешім қажет пе? Мұндай жағдайларды біреу қасақана істейтін сияқты көрінеді. 21 мамырда адамдармен сөйлесуге болмады ма? Міндетті түрде күш қолдану керек пе еді? Себебі күш қолдану әрекеті тағы бір сондай күшті туғызады. Бізге мұндай жол керек емес, себебі ол қауіпті, бұл жолмен жүрсек тек ұтыламыз. Бірақ екі тарап та әліптің артын бағып, байсалды болуы тиіс және билік жастарға қарағанда ұйымдасқан механизм ретінде өзіне үлкен жауапкершілік алады. Сондықтан сенбі күні болған жағдайға қапа болдым. Жер реформасына жөніндегі комиссиясының өткен отырысында мені құқықтық топтың басшысы етіп тағайындады. Бұл жайында менімен ешкім ақылдасқан жоқ еді, сондықтан бұл мен үшін тосын жай болды. Мені Айдос Сарым ұсынды, сайлауға қатыстырды, барлығы маған дауыс берді, тек бір адам қарсы болды. Сайлау ашық түрде өткен болатын. Мені құқықтық топтың басшысы етіп сайлағандықтан, мен бас прокурор, әділет министрінің орынбасары, депуттар сияқты біздің полицейлердің сенбі күні жасаған әдістерін талқыға салатын боламын. Азаматтарды заңсыз түрде ұстаған әрбір жағдай туралы полицейлерден тергеу жұмыстарын талап етемін. Бұл болашақта біздің әлеуетті органдарымыздың осындай жолмен жұмыс істеуін тоқтататын әділетті жол болады. Себебі хаттамалар жазылмаған, адамдар бұзақылық істемеген, оларды алып кеткен. Полиция азаматтарға осындай әдіс қолданғаны үшін жауапкершілікке тартылуы керек.Мұхтар Тайжан (сол жақта)мен ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов. © Facebook
Біз қазір жылжымайтын мүліктің дағдарысын көріп отырмыз, пәтерлердің, кеңселердің бағасы төмендеді, көбінесе бұл жылмымайтын мүліктер банкте кепілдікке қойылған. Яғни, ипотекалық кредит ретінде немесе құрылысшыларың мүлігі. Бірақ егер кепілге қойылған мүліктің бағасы төмендесе, банк теңгерімінің жағдайы қандай деп ойлайсыздар? Осыны ойласақ, қазір экономикамыз қиын жағдайларды бастан өткеріп жатыр деп айтуға болады. Сондықтан халық өздерінің ауыр жағдайын міндетті түрде наразылық шаралары арқылы білдіріп тұрады. Астанада өткен кездесулер барысында мен бәріне экономикалық саясатты өзгерту керектігін айттым. Бірақ ол сұрақтар жер мәселесі шеңберінде емес. Осы қиындықтарды өткеру үшін бізге тезірек экономикалық саясаттың өзгеруі қажет. Себебі экономиканың жаппай күйреуі мемлекеттің де жаппай күйреуіне әкеліп соғады. Әрине, ұлттың бұл наразылықтары тек жер мәселесіне қатысты емес, жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауына байланысты болып отыр.Біріншіден, адалдық керек, ойынның дұрыс ережесі керек. Нарыққа қатысушылар үшін монополиясыздандыру қажет, біздің нарық монополияланған, бұл сыбайлас-жемқорлық жүйесіне байланысты. Бұл - бірінші талап. Себебі, экономика әділетсіз, сыбайлас-жемқорлық жағдайларында дами алмайды. Экономиканы дамыту үшін әділдік қажет. Бірақ бұл біздің елде жоқ. Бұл даму үшін қажетті басты шарт.
Нақтырақ айтсақ, EXPO көрмесін өткізуден, басылымдарда жазылғандай, 79 миллиард теңге тұратын пантеон салудан бас тарту керек. Мектептерде оқушыларға ыстық тағам беруді қайта қалпына келтіруді ұсынамын. Бұған бар-жоғы 500 миллион теңге жұмсалады. Бұл пантеон салуға қажетті 79 миллиард теңгемен салыстырғанда түк емес. Өлген адамдарға денелерінің қандай жағдайда жатқаны маңызды емес, сондықтан да тірі адамдар туралы ойлайық. Бұл қоғамдағы жағдайдың ілгері басуына дереу әсер етеді.
Дегенмен, бұл күн көріс мәселесі ғана емес. Егер біз қоғамдағы жағдайды реттегіміз келсе, қоғамды толғандырып отырған мәселелерді де шешуіміз керек. Мысалы, материалдық жағдайға қатысы жоқ мәселелердің бірі - мектептерде үштілділікті асығыс енгізу.
Жалпы алғанда, үкімет халыққа қарау керек. Соңғы он жылда біздің демографиямыз қатты өзгерді. Ал біз ауылда қандай жағдай жасап отырмыз? Біз жұмыссыздық, газдандыру, жарық жүргізу мәселелерін шешіп жатырмыз ба? Кейбір ауылдарда әлі күнге дейін ұялы байланыс жоқ, медициналық пункттер жабық. Сондықтан да ауыл тұрғындары қалаға келеді, мұнда арба сүйреп, көліктерге жанармай құйып, күзетші болғаннан басқа жұмыс табылмайды. Бұл мәселені кешенді түрде шешу керек.
Яғни, халықты алаңдатып отырған мәселелерді шешуіміз қажет. Тек жер мәселесі емес, халықтың басындағы проблемаларды да шешіп берсек, қоғамда да шиеленіс туындамайды.
Әңгімелескен Ренат Ташқынбаев Дерек көзі: tengrinews.kz