«ҚАЗАҚ ҮНІ» ҰЛТТЫҚ ПОРТАЛЫ САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗЕДІ

0
2461

«Қазақ үні» ЖШС – QAZAQUNI ұлттық порталының меншік иесі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы  28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №181 Жарлығына сәйкес, 2016 жылдың 20 наурызына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттығына кезектен тыс өткізілетін сайлауға қатысу үшін ұсынылған және тіркелген партия тізімдерін ұсынған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлердің (әрмен қарай саяси партиялар) сайлауалды үгіт-насихат материалдарын газеттің баспалық аумағында жариялаудың төлем көлемі, тәртібі мен шарты туралы хабарлайды.

Портал бетіндегі жариялану аумағын ұсыну тәртібі мен шарты

Портал  үгіт-насихат сипатындағы материалдарды жариялау мақсатында баспа аумағын ұсынады.

Порталдың баспа аумағын ұсыну Порталдың меншік иесі мен партия тізімін ұсынған саяси партияның сенімді өкілі арасындағы келісімшарт негізінде сайт бетінде үгіт-насихат материалдарын орналастыру мақсатында жүзеге асырылады. Келісім формасы және өзге де тиісті құжаттар жазбаша өтінішпен бірге ұсынылады. Аталмыш келісімшарт жасалу үшін партия тізімін ұсынған саяси партияның сенімді өкілі Газеттің меншік иесіне тиісті ақпаратты нұсқау және ұсыну арқылы жазбаша өтініш береді: 1) партия тізімін ұсынуды растайтын құжаттың көшірмесі; 2) саяси партияның уәкілетті өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі; 3) үгіт-насихат материалдарының түр-тұрпаты мен жоспарланған баспа аумағының көлемі көрсетілген жазбаша өтініштің мазмұны; 4) үгіт-насихат материалдарының қағаздағы (әрбір ұсынылған парақта уәкілетті өкілдің қолы қойылған) немесе электрондық құралдағы мәтіні; 5) өтініш беріп отырған саяси партияның уәкілетті өкілінің жеке куәлігі көшірмесі.

Порталға жазбаша өтінішті осы Ақпараттық хабарламамен 2016 жылдың 22 ақпанынан бастап 2016 жылдың 17 наурызына дейін, демалыс және мейрамнан басқа күндері, күн сайын сағат 10-00-ден 17-00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылдайды:

Алматы қаласы, Қалқаман-3 ықшамауданы, К.Сейітов көшесі, 11-үй. Байланыс телефондары: 8 (727) 398-57-31,  8 (778) 347 1708, 8(702)-551-84-40. Электронды почта: [email protected]

Жарияланымда материалдарды шығаруға жауапты тұлғалар, оның төлемі, қаржыландыру көздері, ақпаратты ұсынған тұлғаның аты-жөні жайында ақпарат болуы тиіс.

Материалдарды жариялау кезегі жазбаша өтініштердің келіп түсуіне қарай Портал тарапынан белгіленеді. Бірнеше саяси партиялардан бір күнде өтініш келіп түскен жағдайда Портал жеребе өткізеді. Жеребеге сайт бетінде материалдарын жариялау кезегіне жүгінген саяси партиялардың уәкілетті өкілдері және тәуелсіз тарап ретінде БАҚ өкілі қатысады. Жеребе өткізу кезінде саяси партиялардың әрбір уәкілетті өкіліне баспа материалын жариялау күні көрсетілген қағазы бар конвертті таңдау ұсынылады. Конверт саны таласқа түсушілердің санымен бірдей болады. Жеребе аяқталған соң оған қатысушылар және БАҚ өкілі жеребе протоколына қол қояды. Жеребе нәтижесі (протокол көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына жіберіледі.

Үгіт-насихат материалдарын ұсыну тәртібі

Үгіт-насихат материалдары порталға модуль немесе мақала түрінде (электронды нұсқа) жұмыс күндері қабылданады.

Портал үгіт-насихат материалдарында конституциялық құрылымды күшпен өзгерту, Республика тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, қауымдық және рулық  араздықты өршіту, қатігездік пен зорлық-зомбылықты әспеттеу, сондай-ақ заңнамада көрсетілмеген әскери құрылымдарды құру идеялары бар деп тапқан жағдайда және заңнамада көрсетілген өзге де негіздерде оны жариялаудан бас тартуға құқылы.

Портал саяси партиялардың намысына, ар-ожданына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат бар деп тапқан жағдайда баспалық үгіт-насихат материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы.

Осы хабарламада көрсетілген жариялану аумағын ұсыну шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай өзгертілуі мүмкін.

Порталдың жариялану аумағының көлемі мен төлем тәртібі

Үгіт-насихат материалдарын жариялауға арналған баспа аумағының құны:

  • портал бетінде тілші мақаласымен бірге модульді орналастырудың құны  –
  • 200 000 теңге (ҚҚС жоқ);
  • портал бетінде тілші мақаласын орналастырудың  құны  –   
  • 1 50 000 теңге (ҚҚС жоқ);          

Мақала көлемді болса,  және тұрақты серіктестерге  бағасында шегерім болатынын ескертеміз.

Төлем Портал ұсынған шот негізінде осы шот берілген күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде жүргізіледі.

Төлем Порталдың жариялану аумағын ұсыну жөніндегі келісімде немесе шотта  көрсетілген порталдың банк реквизиттеріне жіберіледі.

“ҚАЗАҚ ҮНІ” ГАЗЕТІ САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗЕДІ

“Қазақ үні” ЖШС – “Қазақ үні” республикалық қоғамдық-саяси газетінің меншік иесі (әрмен қарай Газет) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы  28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №181 Жарлығына сәйкес, 2016 жылдың 20 наурызына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттығына кезектен тыс өткізілетін сайлауға қатысу үшін ұсынылған және тіркелген партия тізімдерін ұсынған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлердің (әрмен қарай саяси партиялар) сайлауалды үгіт-насихат материалдарын газеттің баспалық аумағында жариялаудың төлем көлемі, тәртібі мен шарты туралы хабарлайды.

Газет бетіндегі баспа аумағын ұсыну тәртібі мен шарты

Газет үгіт-насихат сипатындағы материалдарды жариялау мақсатында баспа аумағын ұсынады.

Газеттің баспа аумағын ұсыну Газеттің меншік иесі мен партия тізімін ұсынған саяси партияның сенімді өкілі арасындағы келісімшарт негізінде баспа аумағында баспалық үгіт-насихат материалдарын орналастыру мақсатында жүзеге асырылады. Келісім формасы және өзге де тиісті құжаттар жазбаша өтінішпен бірге ұсынылады. Аталмыш келісімшарт жасалу үшін партия тізімін ұсынған саяси партияның сенімді өкілі Газеттің меншік иесіне тиісті ақпаратты нұсқау және ұсыну арқылы жазбаша өтініш береді: 1) партия тізімін ұсынуды растайтын құжаттың көшірмесі; 2) саяси партияның уәкілетті өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі; 3) үгіт-насихат материалдарының түр-тұрпаты мен жоспарланған баспа аумағының көлемі көрсетілген жазбаша өтініштің мазмұны; 4) үгіт-насихат материалдарының қағаздағы (әрбір ұсынылған парақта уәкілетті өкілдің қолы қойылған) немесе электрондық құралдағы мәтіні; 5) өтініш беріп отырған саяси партияның уәкілетті өкілінің жеке куәлігі көшірмесі.

Газет жазбаша өтінішті осы Ақпараттық хабарламамен 2016 жылдың 22 ақпанынан бастап 2016 жылдың 17 наурызына дейін, демалыс және мейрамнан басқа күндері, күн сайын сағат 10-00-ден 17-00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылдайды:

Алматы қаласы, Қалқаман-3 ықшамауданы, К.Сейітов көшесі, 11-үй. Байланыс телефондары: 8 (727) 398-57-31, 8(702)-551-84-40. Электронды почта: [email protected]

Жарияланымда материалдарды шығаруға жауапты тұлғалар, оның төлемі, қаржыландыру көздері, ақпаратты ұсынған тұлғаның аты-жөні жайында ақпарат болуы тиіс.

Баспа материалдарын жариялау кезегі жазбаша өтініштердің келіп түсуіне қарай Газет тарапынан белгіленеді. Бірнеше саяси партиялардан бір күнде өтініш келіп түскен жағдайда Газет жеребе өткізеді. Жеребеге баспа материалдарын жариялау кезегіне жүгінген саяси партиялардың уәкілетті өкілдері және тәуелсіз тарап ретінде БАҚ өкілі қатысады. Жеребе өткізу кезінде саяси партиялардың әрбір уәкілетті өкіліне баспа материалын жариялау күні көрсетілген қағазы бар конвертті таңдау ұсынылады. Конверт саны таласқа түсушілердің санымен бірдей болады. Жеребе аяқталған соң оған қатысушылар және БАҚ өкілі жеребе протоколына қол қояды. Жеребе нәтижесі (протокол көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына жіберіледі.

Баспалық үгіт-насихат материалдарын ұсыну тәртібі

Баспалық үгіт-насихат материалдары газетке модуль немесе мақала түрінде Газеттің шығуына күнтізбелік 3 (үш) күн қалғанда жіберілуі тиіс.

Газет үгіт-насихат материалдарында конституциялық құрылымды күшпен өзгерту, Республика тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, қауымдық және рулық  араздықты өршіту, қатігездік пен зорлық-зомбылықты әспеттеу, сондай-ақ заңнамада көрсетілмеген әскери құрылымдарды құру идеялары бар деп тапқан жағдайда және заңнамада көрсетілген өзге де негіздерде оны жариялаудан бас тартуға құқылы.

Газет саяси партиялардың намысына, ар-ожданына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат бар деп тапқан жағдайда баспалық үгіт-насихат материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы.

Осы хабарламада көрсетілген баспа аумағын ұсыну шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай өзгертілуі мүмкін.

                    Газеттің баспа аумағының көлемі мен төлем тәртібі

Үгіт-насихат материалдарын жариялауға арналған баспа аумағының құны:

  • газет бетінде тілші мақаласымен бірге модульді орналастырудың 1 кв. см  –
  • 1500 теңге (ҚҚС жоқ);
  • газет бетінде тілші мақаласын орналастырудың  1 кв. см  –   1 000 теңге (ҚҚС жоқ).    

Мақала көлемді болса және тұрақты серіктестерге  бағасында шегерім болатынын ескертеміз.

Төлем Газет ұсынған шот негізінде осы шот берілген күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде жүргізіледі.

Төлем Газеттің баспа аумағын ұсыну жөніндегі келісімде немесе шотта  көрсетілген Газеттің банк реквизиттеріне жіберіледі.

“Қазақ үні” газетінің редакциясы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз