Путин: бір тарихи персонаждың ішкі және сыртқы саясатына шолу
2016 ж. 08 қаңтар
2637
2
Путин бүгінгі күннің Сталині емес, Горбачеві...
Путин Батыс альянсына қарсы қырғи қабақ соғыс жәриялаған еді. Ол соғыс тарихта Екінші Дүние жүзілік Қырғи қабақ соғысы деген атаумен кірген болатын. Ол туралы біз жазғанбыз.[1] Путин өзін әлем тарихында Черчильмен, Рузвельтпен қатар қойғанды жөн көреді. Батыс елдері баспасөзі жылма жыл оны батыс елдері журналдарының ең беделді саясаткері ретінде бағалағанын аса рахаттана оқиды.
[caption id="" align="aligncenter" width="1000"] Фото: cont.ws[/caption]Путин 2007 жылғы Германияның Мюнхен қаласындағы сөзінде әлемді бір шошытты. Иә, Путиннің сол сөзі тек Уинстон Черчиль 1946 Фултондағы (АҚШ-тың шағын қаласы) айтқан сөзімен - алғашқы қырғи-қабақ соғыстың жәриялауымен тең еді. Ол Батыс елдерінің баспасөзіне және Ресей теледидарына арнап сол ойларды кейінірек тәптіштеп бірнеше рет айтып берді. Мәселенки, Ресей Президенті Владимир Путин Валдай форумындағы сөзінде АҚШ-ты және оның геосаясатын аяусыз сынап, осыдан былай ешбір маңызды саяси әрекет Ресейсіз шешілмеу керек және шешілмейді деді. Батыс елдері Ресей алдында кінәлі, Ресейдің геосаяси мүдделерімен санаспауға жол берілмейді. Путиннің ашынып сөйлеу себебі Батыс елдер альянсы Ресейге (Ресей Украинаның Қырым жартыаралын басып алып, сол мемлекеттің шығыс өлкелерінде гибридтік, әскери операцияларын бастаған болатын) экономикалық санкциялар салған еді. [2]
Путиннің сол сөзі мен саясаты Ресейдің әр орысының жүрегіне жол тапты. Қарапайым орыстың рухын көтерді. Қашаңғы біздер, орыстар Батыс елдерінінің айтқанын істеп, олардың алдында тізерлеп тұруымыз керек. Жетеді, осыдан былай өз мүдделерімізді батыл қорғайтын боламыз деген уәждер айтылды. Путиннің Батысқа қарсы асқақ сөйлеуінің бірнеше қисыны бар еді. Батыс дәрменсіз. Батыс тым бейбітшіл және ымырашыл, Ресей сияқты қуатты әскери ядролық қаруы бар мемлекетке қарсы шараларға бара алмайды. Оның алдында Ресей Приднестровьені Молдавиядан бөліп алған, Қарабахты Әзірбайжаннан тартып алып, Арменияға бергенде, Батыс альянсы салқынқандық байқатып, Ресейді тек ескертіп қана қойған. 2008 жылы Ресей Грузияға шабуыл жасады. Батыс альянсы тағы да бұл шағын мемлекетке айтарлықтай араша бола алмады.[3] Батыс елдер альянсы Ресейдің газы мен мұнайына тәуелді еді. Батыс державалар бірлестігі Ресейдің де мүдделерімен есептескен жөн болар деп, Молдавия, Әзірбайжан, Грузия территориялық тұтастығы үшін конфронтациядан тартынған еді. Бірақ Ресейдің ұлыдержавалық санасы қоза берді. Орыс халқы Путин экспансиянизмін бірауыздан қолдады. Ендігі күн кезек Украинаға төнді.
Ресей милитаризмі Украинаға ауыз салды. Бірақ Украинаның жөні бөлек еді. Батыс елдері Украинаға экономикалық және дипломатиялық қолдау жасады. Солай Украина Қырымнан, Донецк мен Луганскідан айырылса да, агрессорға қарсы тұра алды. Ресей империяшылдары айтқандай «Новороссия жоспары және Орыс әлемі» жүзеге аспай, қаңтарылып қалды. Украинадағы «гибридтік соғыс» пәлендей сәтті болмай тұр, Батыс елдер санкциялары Ресейді қысып барады.
Қош. Путин өзін дарынды тактик, бірақ нашар стратег ретінде көрсетті. Қазақ дипломатиясы шебер қырынан көрініп, біз аман қалдық.
Бара келе Ресейдің ішкі жағдайы нашарлап келеді. Ең алдымен Ресей Еуразиялық экономикалық одақтастарына валюта және тауар экспансиясын жасамақ болды. Ресей рублінің құлдырауы Ресей тауарларының Қазақстан мен Белоруссия нарықтарында қамтамасыз етпек еді. Бұл саясат, Қазақстанға Ресей тауар экспансиясын 1998 және 2009 жылдары жасаған болатын, солай біз өз тауар өндірушілерімізді бәсеңдеткен едік. Өткен жылы төл валютамыздың бағамын мөлшері 85% төмендетуге мәжбүр болдық. Бұл жағдай қолайсыз болса да, өз тауар өндірушілеріміздің мүддесінен шықты. Сол сияқты теңгенін бағамын қисынсыз ұстап тұру барлық ұлттық қордағы қаржының таусылуына әкелмек еді. Қазақстанның өткен жылдардағы сыртқы және ішкі саясаты негізінен дұрыс болғанға ұқсайды. Кемшін тұсы-ДСҰ-на тым жәй кіру, экономикалық реформаларды кешеуілдету (құрылымдық реформаларыды меңзейміз), соттреформасы, жергілікті жерді басқару жүйесін оңтайландыру сияқты. Жүзеге асқан ҚР Азаматтық кодексі, мемлекеттік секторды қысқартуды керектігін елбасының өзі талай рет айтты (мүмкін 20% дейін). Қазақстанның саясатының басты мақсаты - еліміздің егемендігін сақтап қалу, тұрмыс деңгейін экономикалық дағдарыс кезінде мейілінше төмендетпеу. Ресеймен конфронтацияға түспеу.
Ал Ресейге келсек, олардың реформа жасайтын түрі жоқ. Ресей барлық көршілірімен араз, бірақ орыстың 95% (егерде социологиялық зерттеулердің айтқаны рас болса) оны қолдайтын көрінеді.Солай десек те оларда да 2015 жылы бірқатар әлеуметтік және экономикалық наразылықтар байқалды. Инфляция мен рубльдің құлауы қарапайым орыстың қаржысын орталандырды. Енді шет елдік тауарларды алу көп қымбат түседі. Кедейлер мен кембағал жандар саны көбейді. Олар тиісті айлығын ала алмай жүрген мұғалімдер мен дәрігерлер (жергілікті бюджеттер бірқатар өлкелерде ауыр жағадайда). Орталық бюджет өздерінің шығындарын ұлттық қордан алып отыр, бірақ резервтік және ұлттық қор да орталанып келеді. 2017 жылы ол қорлар таусылуы ықтимал. Сол сияқты "дальнебойщиктер" (ауыржүкті автомобильдерге қосымша жол салығы салынған болатын) наразылығы. Олардың бейбіт наразылығы негізінен жеңіспен аяқталып келеді.
Ресейдің бірқатар ұлттық республикаларында наразылық байқалады. Ашық наразылық білдіріп отырған Татарстан мен Шешенстан. Олар өз өлкелік экономикалық егемендігін республикалық саяси- мәдени егемендікке айналдырып келеді. Басқа этностар "біз ұлтпыз" деп орысты демографиялық жолмен тықсырып келеді. Мәселеңки, Тувада орыс қалмайтын сияқты, Якутияда орыс үлесі құлдырап барады. Жастар арасындағы ұлтаралық төбелесу көріністерін видео интернет арқылы тарататын көрінеді, ал оларға жазылған пікірлерден адам шошиды. Жергілікті татар ұлтшылдарының талабы: ана тілін қорғау әрекеттері, республикалық Президент статус атауын сақтап қалу қозғалысы бар, Түркиямен мәдени және бизнестік байланыстарға шек қоймау талабы актуалды. Якутияда ұлтшылдық бағыттағы экологиялық қозғалыс күшейіп келеді, якуттердің үлесін басшылар корпусы арасында көтеру идеясы көп көтеріледі; Бурятияда орыстарды көшіріп әкелу саясатына наразылық бар. Мәскеу бұрын бас қатырмай, жергілікті халықпен санаспай, әкімшілік жолмен барлық мәселелерді оңай шешетін, қазір олай істеу қиындап барады, аз ұлттар көшеге шығып, наразылық білдіруі ықтимал. Бейбіт түрінде дамитын ұлт-азаттық қозғалысы пайда болуда. Бұрын аз ұлттар элитасы ұлттық талаптардан аулақ жүретін, енді ұлттық элита ұлттық талаптарды ерттеп мінген сияқты.
Ресей саяси элитасының бір тобы оларға салынған шетелдерге шықпау, шектеулерге наразы. Олар әзірше билікке батыл талап қойған жоқ.
Рекреациялық наразылық. Бүгінгі таңда орыстар Египетке (Мысыр елі), Түркияға бара алмайтын болды. 2000-шы жылдары Ресей турфирмалары жер шарында апармайтын жері, орыстың демалып, сайрандамаған жері жоқ сияқты еді. Бәрінен де орыс көп шарлайтын мемлекеттер Түркия мен Египет еді. Енді ол маршруттар орыс үшін жабылды. Турфирмалар шығынға ұшырап , орыс ренжулі.
Тұтынушылық нарзылық. Соңғы жылдары орыс жемеген тағам қалмаған сияқты. Енді Батыс елдерде өндірілетін сырлар, атлантикалық селдь, тағы да басқа тауарлар ғайып болды. Бұл да болса ортаң қол орыстың Путин саясатынан көңілін қалдырады.
Ресей баспасөзі «Перестройкаға», яғни «Қайта құру» мен «Жариялылыққа» бет алды. КСРО-дағы «Перестройка» мен «Жариялылық» негізінен екі ақ баспасөзден басталды - ол «Огонек» журналы мен «Московские новости» газеті еді. Бүгінгі таңда – радио «Эхо Москвы», телеканал «Дождь», «Собеседник», «Сноб.ру», «Слон.ру» т.б.с.с. сыни көзқарастағы басылымдар көп. Олар Ресейдегі жағдайды объективті және сыни сипаттайды. Билік оларды қадағалай алмай келеді. Сонымен Путин Горбачевтің басқа бір түрі. Путин бугінгі күннің Сталині емес. Горбачев байқұс өзі демократ, өзі империяшыл еді, Путин де сол күйге түсіп келеді, ақпараттық қоғамда ақпаратты тыю мүмкін болмай тұр.
Ресейдегі баспасөз тарауына сараласақ «Перестройка», яғни «Қайта құру» мен «Жариялылық» басталды демекпіз. Біздің пайымдауымызша бұл үрдіс 10-17 айда шыңына жетеді. Ресейде бұл бағыт саяси дағдарыс пен Ресейдің келесі ыдырауымен аяқталады. Қазақстан тағы да тыныс алып, демократиялық зайырлы мемлекет құруға тағы бір шанс алады.
Әзімбай ҒАЛИ,
qazaquni.kz
1. Азимбай Гали. Новая мировая «холодная война». altyn-orda.kz 13 октября 2013; openrussia.org 18.12.2015; Азимбай Гали Итоги Первой мировой "Холодной войны". Начало Второй мировой "Холодной войны": битва за Украину.08.02.2014 centrasia.ru
2. Валдайская речь Путина. Основные тезисы http://www.vesti.ru/doc.html?id=2071341
3. Әзімбай Ғали. Орыстың бас ауруы қазаққа жұқпай ма? Осы тұста ұлт пен элита бірлігі керек 05.01.2016 qamshy.kz; ult.kz; openrussia.org;