«Сол кәсіпкер әрі шенеуніктер қазынаның қаржысына салынған инфрақұрылымдарды жаппай жекенің қолына сатып жібермек»
Депутаттар «сол кәсіпкер әрі шенеуніктер қазынаның қаржысына салынған инфрақұрылымдарды жаппай жекенің қолына сатып жібермек» деп қауіптеніп отыр.
Халық қалаулылары, әсіресе арнайы экономикалық аймақтар үшін алаңдайды екен. Өйткені жаңа заң жобасында ондағы инфрақұрылымды, яғни қоймалар, жол, жарықпен қамту, байланыс, коммуналдық шаруашылықты жеке компанияның жарғылық қорына беру туралы жазылыпты.
Бұған халық қалаулылары мүлдем қарсы. Ал еліміздегі 9 арнайы экономикалық аймақтағы инфрақұрылымды салу үшін мемлекеттен 238 млрд теңге бөлінген екен.
Депутаттар дәл осы мемлекеттің ақшасына салынған нысандарды біреулер төмен бағаға саудалап, иемденіп алмақ деп шырылдап отыр.
“Ол объектілерді қарыз ретінде беру керек. 238 млрд қарыз болса, ол ойланады. Жарғылық капиталда болса, өзімнің меншігім деп кімге сатқысы келсе, соған сата салады. Ол келісе салады ғой, үкіметте жүргендердің бәрі бизнесте жүрген азаматтар. Оның бәрін білеміз. Бұл жерде мемлекеттік мәселе тұр. Қорғас тұр, Астана экономикалық аймағындағы үлкен қаржылар тұр”, – дейді мәжіліс депутаты Нұртай Сабилиянов.