Ресей АҚШ елшілігінің жарты қызметкерлеріне Мәскеуден кетуді талап етті
2021 ж. 02 желтоқсан
1874
0
Ресей билігі 31 қаңтарға дейін АҚШ елшілігінде үш жылдан артық жұмыс істейтін қызметкерлерін Мәскеуден кетуді бұйырды. Бұл жөнінде СІМ ресми өкілі Мария Захарова хабарлады.
Мәскеудің бұл шешімі ресейлік дипломаттардың АҚШ аумағында қалу мерзімін шектеген Вашингтонға жауабы болып тұр.
Захарованың сөзінше, бұл Ресейдің таңдауы емес, – "мұндай ойынды АҚШ-тың өзі таңып отыр".
Осыған дейін Вашингтон Құрама Штаттардан келесі жылдың 30 қаңтарына дейін 27 ресейлік дипломаттың кетуін талап еткен.
Мәскеудегі Америка елшілігі әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді.
2020 жылы АҚШ мемлекеттік департаменті Вашингтонда, Нью-Йоркте және Хюстонда жұмыс істейтін Ресей дипломаттарына үш жыл мерзімнен артқы қалуға болмайтын шектеу қойған.
"Егер келесі жылдың 1 шілдесіне дейін Вашингтон үш жылдық шектеуден бас тартпаса, Ресейден тағы да америкалық дипломаттар шығарылады", – деп ескертеді Ресей сыртқы істер министрлігі.
Соңғы бірнеше жылдан бері Вашингтон мен Мәскеу арасы нашарлап кетті. Бұл Ресейдің Украина жері Қырым түбегін аннексиялағаннан кейін басталды.
Дереккөз: centralasian.org