Тоқаев Ресей елшісімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

0
264

Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері қаралды.

Президент коронавирус індеті кезінде Ресей Федерациясының Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы елдеріміздің арасындағы екіжақты және медицина мен денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық ұйымдар аясындағы, оның ішінде жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыру шеңберіндегі қарқынды ынтымақтастықты одан ары жалғастырудың маңызын атап өтті.

Кездесуде сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ қызметімен байланысты мәселелер және жоғарғы деңгейдегі ЕАЭО кездесуіне, сонымен қатар, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының алдағы саммитіне дайындық барысы талқыланды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз