Совет Одағы елдері орыс халқының жерін иемденіп кетті – Путин
2020 ж. 22 маусым
2941
0
Ресей президенті Владимир Путин Совет Одағы құрамынан шыққан республикалар туралы ой қозғады. Оның пікірі Павел Зарубиннің 21 маусымда "Россия 1" телеарнасында көрсетілген "Ресей. Кремль. Путин" фильмінде айтылды.
Бұл туралы baq.kz хабарлады.Ол Совет Одағын құрған кездегі келісімде шығу құқығы жазылғанын, бірақ процедура қалай болатыны көрсетілмегенін айтты.
Совет Одағын құру туралы келісімде шығу құқығы жазылған. Алайда, нақты тәртібі көрсетілмеген. Содан сұрақ туындайды. Егер қандай да бір республика Совет Одағына кіріп, бірақ өздеріне Ресейдің дәстүрлі-тарихи территориясының ұлан-байтақ жерлерін алды. Ал сосын аяқастынан Одақ құрамынан шығамын деп шешті. Ендеше, Ресей халқының сыйлығын өзімен бірге әкетпей, немен келдің, сонымен кетуің керек қой. Мұның бәрі регламентте жазылмаған еді. Мен қазіргі Конституцияға өзгеріс енгізудің дұрыс екеніне әбден көзім жетті, сенімдімін, - дейді Владимир Путин.