Сенат депутаттарын сайлауға 254,5 миллион теңге бөлінді - ОСК
2020 ж. 15 маусым
1258
0
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина Сенат депутаттарының сайлауын өткізуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінетінін мәлімдеді.
"Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына республикалық бюджеттен Орталық сайлау комиссиясына 254,5 миллион теңге бөлінді", - деп хабарлады Мұстафина ОСК-дағы брифингте.
Оның айтуынша, бұл ақша сайлау комиссияларының қызметі мен ұйымдастыруға, мәслихат депутаттарының іссапары және көлік шығындарына, сайлау компаниясының қызметін ұйымдастыру үшін қажетті полиграфиялық қызметтерге, сондай-ақ сайлау нысандарын рәсімдеу қызметтеріне, БАҚ-та ақпарат жариялау және басқа да шығындарға жұмсалады.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 тамызға Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.