Тоқаев Ресей елшісін Алексей Бородавкинді қабылдады
2020 ж. 21 мамыр
1272
0

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берілді.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.Қазақстан Президенті коронавирус пандемиясы кезіндегі ықпалдастықты екіжақты форматта, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясында одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар биылғы қараша айына жоспарланған өңіраралық ынтымақтастықтың XVII форумына дайындық барысын қарастырды. Мемлекет басшысы аталған іс-шараның сапалы әрі мазмұнды болуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.
Сонымен қатар кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.