Джейхун Шахвердиев халықаралық байқаушылар тізімінен шығарылды
2019 ж. 03 маусым
2074
0
Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқаушылар тізімінен тағы бір азаматты алып тастады. Сыртқы істер министрлігі Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен Джейхун Шахвердиевтің куәлігін кері қайтаруға ұсыныс жасаған, - деп хабарлайды astanatv.kz.
Ал бүгін 720 шетелдік байқаушы аккредиттеуге шығарылды. Әзірге саяси додаға 967 адам бақылау жасамақ. Халықаралық ұйым сарапшылары 3 маусымға дейін ғана тіркеле алады.
Зәуреш БАЙМОЛДИНА, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен бір байқаушыны тізімнен шығарған соң, орың орнына Фарух Джумаевты тіркейтін болдық. Бұл ұйымның ұсынысы. Халықаралық ережеге сай ешқандай шетелдік ұйым байқаушының ауыстырылу себебін айтпайды.
Айта кетейік, 9 маусымда елде 48 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы 6-дан бастайды. Ал 555 сайлау учаскесі тізімде бар сайлаушылар дауыс беріп болған соң, кез келген уақытта жұмысын тоқтата алады. Бұл - әскери бөлім, тергеу изоляторы мен емдеу мекемелері.