ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ШЫНАЙЫ ЖАНАШЫРЫ
2018 ж. 02 қараша
4841
0
Мерей
ТӨРТ ҚҰБЫЛАСЫ ТЕҢ ƏУЛЕТ
Қамшының сабындай қысқа өмірде адамға ең керек дүние сыйластық. Біреуді сыйлау, өзіңді сыйлата білу, көркем мінезді болу, кең пейілді жомарт болу адамгершілігі жоғары адамның қасиеті. Осындай адам баласының бойында кездесетін барлық жақсы қасиетті бойына жиған жанның бірі – Астана қаласының ардақты азаматы, киелі Түркістан облысы, Жетісай ауылының тумасы Алтынбай ағамыз. Құдай Алтекеңнің пейіліне қарай ештеңеден кенде қылмай бәрін берген. Жан-жары Алмагүл де қазақтың салт-дәстүрін берік ұстанған Қорғалжын ауылынан туып өскен, қазақи болмысын сақтаған білімді, саналы, көргенді келін. "Атадан жақсы туса да, атадан жаман туса да, тартпай қоймас негізге" дегендей Алтынбай ағамның балалары да әкелері секілді бойына өнер дарыған талантты жастар. Мұндай ізгі тәрбие әкенің күшімен, ананың сүтімен дарығаны мәлім. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, балаларының қазақы мінезділігі, ұлттық өнерді сүйгіштігі ата-анадан алған тәлімнің арқасы болса керек-ті. Алтекең Астанамыз кезінде Целиноград болып тұрған кезде 1985 жылы қалаға келіп, жалғыз қазақ мектебін оқып бітірген. Сол кезде домбыра тартып ән салып, айтысып өнерін танытып көзге түскен. Қалалық мәдени іс- шараларға қатысу арқылы көрермен көзайымына айналып үлгерген. Еліміз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігін алған, нарықтық экономикаға көшкен 1991 жылдан бастап Алтынбай ағам өзінің жеке кәсібін ашып, өзінің іскерлігінің арқасында ірі кәсіпкерге айналды. Мұның бәрі әрине, табан ет, маңдай тер мен адал еңбектің жемісі. Екі тізгін бір шылбырды тең ұстау да екінің бірінің қолынан келе ұқоймас күрделі шаруа. Ал Алтекең болса, кәсіппен айналысумен қатар қоғамдық шаруалардың да бел ортасынан табыла білді. "Тіл және мәдениет" қоғамдық ұйымының белді мүшесі бола жүріп ұлттық мәселелерді көтеріп, оң шешімін табуына ықпал еткен жанның бірі. Қоғам қайраткері Әнуарбек Ералы сынды атпал азаматтармен бірге Целиноградтың тарихи атауы Ақмоланы қайтаруға атсалысты. Сонымен қатар, Астана қаласында өткен мәдени іс-шараларға белсене араласу арқылы қаламыздың өркендеп дамуына сүбелі үлесін қосқан қайраткер. Өнерге жақындығының арқасында елге белгілі "Алтын-Алма" ансамблін құрды. Театрда, сахнада оркестр құрғандар жетерлік, ал, үйінде оркестр құрған азамат некен-саяқ. Алтекеңнің қаланың ортасындағы зәулім үйіне қонаққа бара қалсаңыз еш жерден сезінбейтін, тамаша көңіл-күйдің куәсі боласыз. Ағамыздың шаңырағына кімдер келіп кетпеді десеңізші. Қазақтың игі жақсылары, ақын-жазушылары түгелге жуық келіп дәм татты. Мұхтар Шаханов, Гүраррагча, Сәбетхан Ғаббасов, Қойшығара Салғара, Қайыржан Мақанов, Балқаш Мақанұлы, Серік Тұрғынбекұлы, Мұхамбедия Ахмет Төре, Көпен Әмірбек, Толымбек Әбдірайымов, Ирак Елекеев, Қасымхан Бегманов, Қазыбек Иса, Әнуарбек Ералы, Талғат Кеңесбаев, Төлемырза Темірбекұлы, Өнерхан Сансызбай, Жанкелді Шымшықов, Тойшыбек Иіпұлы, Диқан Қамзабекұлы, Зиябек Қабылдинов, Тоғайбай Нұрмұратұлы, Омар Жәлелұлы, Мақсат Алпысбес т.б сынды ел ағалары қонақ болып, ақ батасын беріп, ықыласын білдірді. Бұл шаңырақ кез-келген адамды баурап алатын тылсым күш қуаты бар. Келген адам кеткісі келмей қалады. Аурасы өте тамаша. Нағыз қазақи дәстүрді ұлықтаған, дарқан қонақжайлық ниеті бар үй. Құдай ниетіне қарай береді. Төрт құбыласы тең әулет. Қазақтың "Би бол, би болмасаң би түсетін үй бол!" деген сөзі осы әулетке қарата айтылған. Алтынбай ағамның еңбегін үкімет жоғары бағалап "Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері" атағымен марапаттаған. Айтпақшы, бұл ағамның, жалпы әулетінің еш адамды бөліп жармай тең көретін, тең пейіл танытатын көрегенділігінде. Кейбір шолақбелсенділер сияқты қолына билік тисе, байлық қонса тәкаппарлана, адам менсінбей қалатын тоғышарларға үлгі көрсететін текті әулет! Баяғыдағы Алаш жолын қолдаған буржуазиялық байлардың үзілген ерлігін жалғаған, ұмытылған болмысын қайта жаңғыртқан асыл ағамыз Алтынбай ердің жасы елуге келіп отыр. Ұл-қызыңыздың қызығын көріп, ел үшін еңбек ете беріңіз! Шаңырағыңызға келіп батасын берген абыз-ақсақалдардың батасы дарып қызыр қонсын! Баталы ұл арымас, батасыз құл жарымас. Тағы да елу жылды еңсеріп, Алмагүл жеңгемен бірге қартайыңыз! Ізгі ниетпен, бауырыңыз Бақытбол БЕРІМБАЙҰЛЫҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ШЫНАЙЫ ЖАНАШЫРЫ
Алтынбай Сәдуақасұлы Түркістан облысы, Жетісай ауылының тумасы. Бүгінде ердің жас елуді еңсеріп отырған жігіт ағасының өткен өмір белестеріне бір сәт үңілгенді жөн санадық. «1990 жылы республика бойынша тұңғыш Целиноград қаласында «Тіл және мәдениет» қоғамы құрылды. Алтынбай да қоғамның алғашқы күндерінен бастап осы күнге дейін ыстық-суығын көтеріп жүрген жанның бірі. 1985-1986 жылдардың өзінде қаладағы жалғыз қазақ мектебінде Целиноград тарихында тұңғыш оқушылар арасында ақындар айтысын ұйымдастыруының өзі ол заманеда үлкен ерлікке пара-пар іс екені сөзсіз. 1989 жылдары қаладағы «Целиноградсельмаш» зауытында қазақ жастарын біріктіріп, домбыра үйретіп, шағын фольклорлық домбыра оркестрін құрды. Бұл ансамбль сол кезде аудан, ауылдарды аралап қазақ халқын рухани сусындатты. Әрі қазақ тілінің, мәдениетінің қайта қалпына келтіру жолында еселі еңбек етті. Сондай-ақ, Алтынбайдың қалалық, облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлделі орындарды иеленуі де оның өнегелі өмірінің ақындықпен біте қайнасып жатқандығын көрсетсе керек-ті. Ұлттың мүддесі жолындағы саяси істерде белсенділік таныта білуі де азаматтық келбетін айшықтай түсері анық. Осы тұста Алтынбайдың ең бір жақсы қасиетін оны білетіндердің барлығы жыр ғып айтып жүреді. Ол не істесе де, қандай ауыз толтырып айтарлық ауқымды істер атқарса да, «мынаны істедім, мынаны бүйттім» деген бір ауыз сөз айтпайтын. Қандай істі қолға алса да үндемей атқаратын. Алтынбай асыл жары Алмагүл екеуі Әсем,Іңкәр,Сұңқар, Нұрай сынды ұл - қыздарды тәрбиелеп өсіріп отырған ардақты ата-аналар. ҚР Мәдениет қайраткері Алтынбай Садуақасұлы «Алтын Алма» отбасылық ансамбілінің көркемдік жетекшісі ретінде де қазақтың ұлттық өнерінің қарыштап дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан талант иесі. Қазақ мәдениетінің осындай жанашырлары барда қазақ өнерінің өрісі күннен-күнге кеңейе беретіні анық. Әнуарбек ЕРАЛЫ «Тіл және мәдениет» қоғамының төрағасы qazaquni.kz- Серік Тұрғынбекұлы
- Өнерхан Сансызбай
- Тойшыбек Иіпұлы
- Қазыбек Иса
- Гүраррагча
- Тоғайбай Нұрмұратұлы
- Қойшығара Салғара
- Көпен Әмірбек
- Сәбетхан Ғаббасов
- Омар Жәлелұлы
- Диқан Қамзабекұлы
- Балқаш Мақанұлы
- Мақсат Алпысбес
- Қайыржан Мақанов
- Мұхамбедия Ахмет Төре
- Алтынбай Сәдуақасұлы
- Толымбек Әбдірайымов
- Ирак Елекеев
- Талғат Кеңесбаев
- Әнуарбек Ералы
- Жанкелді Шымшықов
- Төлемырза Темірбекұлы
- Мұхтар Шаханов
- қасымхан бегманов
- Зиябек Қабылдинов