Бурабайда жас кітапханашылар форумы өтті (ФОТО)
2017 ж. 23 қыркүйек
4791
5
Қыркүйектің 21-22 аралығында Бурабайда «Рухани жаңғыру: ұлт келбеті – жастарға бағыт» атты жас кітапханашылардың республикалық форумы өтті. Бұл туралы «Қазақ үні» ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.
Форум кәсіби дағдылармен алмасу, біліктілікті арттыру, жас кітапханалық кәсіби қауымдастықты, сонымен қатар кітапхана ісінің жас мамандары арасында корпоративтік кітапханалық дәстүрді дамыту, жариялық кітапханалар қызметінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгеру мақсатында өткізілді.
Форум аясында сондай-ақ, «Qazaq kitaptarъ. 1929-1940 zhyl» тақырыбындағы кітап көрмесі өтті.
Көрмеде 1929-1940 ж.ж аралығында жарияланған латын тіліндегі кітаптар мен мерзімді басылымдарды ұсынылды.
Атап өтейік, Қазақстанда латын әліпбиі ресми түрде 1929-1940 жылдары пайдаланылып, кейіннен кириллица алфавитіне көшірілді.
Форум жұмысына Қазақстанның барлық аймағынан жиналған жас кітапханашылар, белгілі қоғам қайраткерлері, ғылым, мәдениет, білім беру саласының өкілдері, жастар қозғалысының көшбасшылары, жалпы саны 170 делегат қатысты.
Сондай-ақ, форум барысында шығармашылық интеллигенциямен кездесулер ұйымдастырылды. Тұрсын Жұртбай, Серік Тұрғынбекұлы, Көпен Әмірбек бастаған белгілі зиялы қауым өкілдері жастардың көкейдегі сауалдарына жауап берді.