Дін істері министрлігі концерттік шоулар ұйымдастырып жүр
2016 ж. 02 желтоқсан
1776
0
Бүгін Астана қаласында үшкүндік республикалық форум аясында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен «Думан» ойын-сауық орталығында делегаттарға арналған мәдени іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуге делегаттардың ішінен 2016 жыдың басынан бастап Қазақстаннның облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында сайланып алынған белсенді, шығармашыл, жұмысшы, ғалым жастар мен республикалық жастар ұйымдары мен Қазақстанның барлық өңірлерінен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты. Делегаттарға арналған боулинг, теннис, тимбилдинг бойынша конкурстар, сондай-ақ, концерттік шоу-бағдарламалар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар ұсынылды.