Нұрмахан Оразбекке "Халық қаһарманы" атағын беруді қолдаймыз - профессор
2021 ж. 15 маусым
3247
0
Нұрмақан Оразбектің атын мәңгі қалдыруға үндеген зиялыларды қолдаймыз.
Қазақ қоғамы әлемдік философиялық ой иірімдерінің ең үздік мазмұндауларымен өз егемендігіне ие болғаннан соң сусындай бастады. Бұл сусындауда, әсіресе, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген 10-томдық «Әлемдік әлеуметтану» онтологиясының орны бөлек. Өйткені бұл 10-томдықта әлеуметтанулық ой-пікірлерді негіздеуші ойшылдардың ең үздік еңбектері топтастырылған болатын.
Міне, осы 10-томдық «әлемдік әлеуметтану» онтологиясын қазақ тіліне аударып, оны жариялатуда қазақстанның мәдениет қайраткері, қарымды журналист әрі аудармашы Нұрмақан Оразбек ерекше еңбек етті.
Өйткені, ақиқаттылығын айтқан жөн, осы 10-томдық жарияланға дейін қазақстанда әлемдік деңгейде мойындалған бірде-бір әлеуметтанушы ғалымның еңбегі жарық көрмеген-ді.
Осыдан болар 10-томдықта жарияланған әлеуметтану ғылымының классиктері О. Конттың, Э.Дюркгейімнің, М.Вебердің, Г.Гидденстің, П. Сорокиннің ,Р.Мертонның және басқалардың/барлығы 30 әлеуметтанушы ойшылдың/ еңбектері қазақстанда әлеуметтанулық ой-пікірді белестендіре көтеріп жіберді.
Қоғамдық белсенділікті арттырып тәуелсіздіктің қасиеттілігі, мемлекеттің ірге тасының беріктігі, адам құқықтарының сақталуы, ұлттық діл, ұлттық тіл, мәдениет, патриотизм, бірлік, әділеттілк сияқты құндылықтардың қастерленуі ел дамуының ұйтқысы, босағасының мықты екенін білдіріп қана қомай, мәңгі ел атанудың рухани нәрі екендігін де анықтап берді.
Ал, қазақстандық әлеуметтану ғылымының дамуына Н. Оразбек аударған оксфордтық әлеуметтану сөздігі де айтарлықтай үлес қосты.
Әсіресе, бұл сөздік әлеуметтану мамандығы бойынша оқитын студенттерге жастана тәлімденетін оқу құралына айналды десек артық айтқандық бола қоймас.өйткені сөздікте әлеуметтанулық терминологиялық жүйенің қалпы бір іздендіріліп, оған қоса әдеттегі тілдің әлеуметтанулық тұрғыдан маңызды ұғым-түсініктері, психология, философия, саясаттану, демография, экономика, математикалық статистика және басқа да ғылыми пәндердің әлеуметтануда қолданылатын терминдері қамтылған болатын.
Мұның өзі студенттердің ойын шабыттандырып, олардың қоғам дамуы туралы пікірлерін қисынды мазмұндаулармен толықтыра түсті.
Сондықтан біз «Қазақ үні» ақпарат агенттігінде 2021 жылғы 3-ші маусымдағы санында жарияланған зиялылардың Н. Оразбекке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, Алматы, Қарағанды, Түркістан қалаларында ескерткіш қойылса деген ұсыныстарын қолдаймыз. Туылып, өсіп-өнген өңірі - Түркістан обылысы Сауран ауданында және одан басқа бірнеше қалаларда Н.Оразбектің атымен көше аталуы керектігін негіздеулерін құптаймыз.сауран ауданы демекші бұл ауданның бұрындары болғандығы, не себептен жабылып қалғандығы туралы Н. Оразбектің «өткенге өкпе жүрмейді» атты жылнамалық зерттеуі бар/алматы,»қазақстан»,2015.-520 бет/. Мұны сауран ауданы әкімдігі де ескерер деп ойлаймыз.
Оразбек Нұсқабаев,
Социология ғылымдарының докторы, профессор