Дауға айналған бояулар мерекесі енді Өскеменде өтпек
2019 ж. 23 тамыз
3578
0
Осыған дейін Түркістанда өтпекші болған бояулар мерекесі халықтың наразылығын тудырып, әкімдік бастамасымен өтпек болған шараға ақыры тыйым салынған еді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі "Түркістанға руханиятты терең сезінетін әкім керек" атты белгілі ғалым Досай Кенжетайдың мақаласын жариялаған еді.
Атышулы шара енді Өскеменде өткізілетін болыпты. Бояулар фестивалі 31 тамыз бен 1 қыркүйекте «Металлургтер» саябағында өтпек. “Color Fest 2019” қонақтарын Холли бояулары, би және ән қойылымдары, көбікті кеш пен ойындар күтуде. Басталу сағат 14:00-де. Қатысу тегін екен.
- Бұл таза діни сипаттағы акция… жас сананы эмоция арқылы балқыту.. қазір қызық, сосын шыжық болады.. Кезінде Финляндия Венгрияда Германияда кең дәріптелді. Сосын ұйымға айналып «жас жігер» фестивалі болды. Артынша Иога будда санасы ретінде әйгілі діни жамағатқа айналды. Бас аяғы он ақ жыл ішінде… теолог маман ретінде ескертуім… - деп жазған еді Досай Кенжетай өз мақаласында.
Сірә, Өскемен әкімдігі Түркістаннан тәлім алмаған секілді. Әлде, руханиятты терең сезінетін әкім Өскеменге де керек пе екен?..
qazaquni.kz