Досай Кенжетай: Түркістанға қазақ руханиятын терең сезінетін әкім керек!
2019 ж. 07 тамыз
3729
1
"Ярокросс" фестивалінің артында "Кришна әлемі" бар
Киелі Түркістан қаласында "Ярокрос" деген бояулар шарасының өтеді деген ақпарат тараған бойда, қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері бұл жаңалыққа қарсы шықты. Біреулер мұны бізге жат діни мереке десе, енді біреулер Түркістан тарихи қала ретінде сақтау керек деп санайды.
"Қазақ үні" редакциясы осы мәселеге қатысты белгілі қоғам қайраткерлерінің пікірін ұсынуды жөн көрді. Досай Кенжетай:Түркістанға қазақ руханиятын терең сезінетін әкім керек! Мынандай бассыз басшы орынды босатсын!!! "Басшың қарға болса, тұмсығың боқтан арылмас" деген... Рашид Аюпов тез арада мына буддистік жахандық сананы бояу акциясын тоқтатсын!!! Бұл таза діни сипаттағы акция... жас сананы эмоция арқылы балқыту.. қазір қызық, сосын шыжық болады.. Кезінде Финляндия Венгрияда Германияда кең дәріптелді. Сосын ұйымға айналып "жас жігер" фестивалі болды. Артынша Иога будда санасы ретінде әйгілі діни жамағатқа айналды. Бас аяғы он ақ жыл ішінде... теолог маман ретінде ескертуім...
Мен маман ретінде сараптап отырмын. Бояу фестивалі сырттай қызықты көрінеді. Бірақ артында "кришна әлемі" бар. Бұл фестиваль ретінде жастарға еліктіргіш ықпал етері хақ. Нәтижесіне ешкім кепіл бола алмайды. Оны Батыстағы тәжірибе көрсетеді. "Батысқа кірген Кришна іздері" атты жаңа діндер эволюциясы атты оқулықты оқысаңыз көзіңіз жетеді... Менің фейсбуктегі ерке қарындасым Айгүл Орынбек "бояуға дінді араластырмаңыз" деп жатыр. Шырағым-ау, онда "қара күйе", "қара жамылу", "қаралы күн" деген теңеулер мен тіркестер қайдан шықты? Бұл түсті бояулар болмысқа қатысы жоқ па? Жоқ әлде құндылыққа қатысы жоқ па? Қысқасы онсызда отпускідемін, қол бос...Түркістан қаласы әкімінің Кришнаның түрлі-түсті бояу фестиваль өткізуіне қарсы митингке шығуға ертең прокуратураға арыз жазам. Берсе жақсы... Нәтижесін айтам!
Сәуле Әбілдаханқызы:Түркістан - киелі жер. Әулиелер мекені. Қазақ хандары мен билері, батырлары мен бектері жатқан қасиетті топырақ... Түркістанды облыс орталығы етіп бекіткенде қуанбадым. Неге? Себебі облыс орталығының мегаполиске айналуы аз ғана уақыт. Ал мегаполис деген не. У-шу, тарс-тұрс, сарт-сұрт... хан базар да сонда, ойын-сауық та сонда, қылмыс та сонда, азғындық та сонда... Түркістанды шағын ғана тарихи қала ретінде, тарихи келбетін сақтап қалған жөн еді... Әулиелерді мазаласаң, әулие ауады, кие кетеді... Түркістандағы бояу мерекесі - бер жағы... 50-100 жылдан кейін не күтіп тұрғанын елестету қиын... Әруақтарды мазаламайықшы.