Дулат Исабеков: Тіл болмай - ұлт болмайды
2019 ж. 02 қыркүйек
3020
3
Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа алғашқы Жолдауын жариялап, елдегі өзекті мәселелерді көтерді.
Жолдау аясында Мемлекеттік тіл мәртебесінің күн санап артып келе жатқанына тоқталған Мемлекет басшысы "Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналуы керектігіне" ерекше тоқталып өтті.
Президенттің бұл тапсырмасына байланысты танымал жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков "Қазақ үні" порталы тілшісіне өз пікірін айтты.
- Елдің экономикасы да, өзге саяси мәселелері де оң шешімін табар. Біз үшін ең күрделі мәселе - Мемлекеттік тіл болып тұр. Тіл болмай - ұлт болмайды. Осыған дейінгі Жолдауларда тіл мәселесі там-тұмдап ғана қозғалып келді. Тіл мәселесінің осылай батыл көтерілуіне мен қатты қуанып отырмын. Әсіресе, жоғары лауазымға тағайындалатын шенділердің барлығы қазақ тілін білуі керек деп айтар едім, - деді жазушы.