ҚАЗАҚ ТІЛІ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТІЛІ БОЛАТЫН УАҚЫТ КЕЛДІ! – Президент
2019 ж. 02 қыркүйек
4828
3
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған тұңғыш Жолдауында Қазақ тілінің мәртебесі туралы айтты.
"Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіндегі деңгейі көтеріліп келеді. Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыт келді. Бұл үшін барлығымыз жұмыла әрекет етуіміз қажет", - деді Президент жолдауында.
Осыған байланысты әйгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков "Тіл болмаса - Ұлт болмайды" деп "Қазақ үні" порталына Президенттің батыл бастамасына қолдау білдіріп, өз пікірін айтты.